Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамЭнергетический ауылдық округі

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 08 қараша күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Іле   аудандық   Саяси кеңесінің  отырысы өтті. Күн тәртібіне байланысты,  «AMANAT» партиясы Іле ауданының  сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасының» аясында атқарылып отырған жұмыстар  жайлы Іле ауданының әкімі, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Б. Қарасаев есеп берді. Алматы облысының «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша  2023-2027 жылдарға арналған жол картасында бекітілген 106 -тармақтың ішінде Іле ауданында 2023-2027 жылдары  58-тармаққа сәйкес жұмыстар жоспарланғаны, 2023 жылы 40-тармақ бойынша іс-шаралар қарастырылғаны,  оның ішінде бүгінде 9-ы орындалып, 31-і орындалу барысында екені жайлы айтты және әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстар жайлы қысқаша ақпарат берілді.

Әр бөлім өз саласы бойынша «Жол картасының» аясында жоспарланып отырған жобалардың  уақытылы жүргізілуін назарда ұстауы керектігі айтылып, орындалмай қалу қаупі бар нысандардың жұмысын қолға алу жайлы мәселе көтерілді. Жиын барысында  «Жол картасының» аясында орындалмай қалу қаупі бар нысандардың жұмысын саралау, зерделеу жайлы айтылып, оның орындалуы барысын назарда ұстау туралы нақты шаралар белгіленді. Жиында Іле  аудандық  партия филиалының төрағасы А.Сатибаев  қорытынды сөз сөйлеп, «Жол картасының» орындалуы бойынша Саяси кеңес мүшелерінің құрылыс нысандарындағы кестеге сай жұмыстардың жүргізілуін зерделеу жайлы тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button