2024 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛАДЫ?!
Кеген аудандық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясын аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғман жүргізіп отырды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес кезектен тыс он екінші сессиясын «Ашық» деп жариялады Сессия жұмысына аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Сессия қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:
- № 9, 11 бірмандаттық округтерінен шығып қалған депутаттардың орнына өткен сайлаудың қорытындысына сәйкес депутаттық мандатты табыстау;
Хабарламашы: Қозыбағарова Тұраш Асырандықызы – Кеген аудандық сайлау комиссиясының мүшесі.
- Кеген аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы «Кеген ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №45-148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Шәлдибеков Азамат Ғалымұлы – аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 06 қаңтардағы «Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №46-154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Шәлдибеков Азамат Ғалымұлы – аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Әлдибеков Ерлан Жақыпбекұлы – Кеген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.
- Шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаны төлеу мөлшерлемесін бекіту туралы
Хабарламашы: Өмірзақов Жасұлан Әбдірасілұлы — аудандық «Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Сессияның күн тәртібіндегі ұсынылған мәселелер толығымен бекітілді.
Сессияға мынадай жұмыс реті ұсынылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашыларға – 5 – 10 минут, сессия соңынан анықтама берушілерге – 2 минут. Сессияның жұмыс реті бекітілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша №9, 11 бірмандаттық округтерінен шығып қалған депутаттардың орнына өткен сайлаудың қорытындысына сәйкес депутаттық мандатты табыстау туралы хабарлама жасау үшін сөз – Кеген аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Қозыбағарова Тұраш Асырандықызына берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Кеген аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы «Кеген ауданының 2023 -2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №45-148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасау үшін сөз – аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шәлдибеков Азамат Ғалымұлына берілді.
– Құрметті Нұрбақыт Молдахметұлы! Құрметті Алмасбек Нөкербанұлы! Құрметті аудандық мәслихат депутаттары, сессияға қатысушылар!!! Кеген аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы «Кеген ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №45-148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасы қоғамдық кеңес отырысында және тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Ұсынылған бюджетті нақтылау бойынша алдын ала мақұлданды.
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес,оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітуге ұсынылады:
1) кірістер 8 742 946 мың теңге ;
салықтық түсімдер 2 254 211 мың теңге
салықтық емес түсімдер 3 561 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 484 174 мың теңге, оның ішінде:
2) шығындар 9 049 621 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 124 207 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 155 250 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 31 043 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 430 882 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану).
430 882 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 155 250 мың теңге;
қарыздарды өтеу 31 043 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 306 675 теңге.
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына.
сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін 11 480 мың теңгеге ұлғайды.
Аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін 102 428,9 мың теңгеге ұлғайды. Оның ішінде: Облыстық бюджеттен 62 462,0 мың теңге ұлғайды.
- Мекемеге 3 автокөлік сатып алуға 62 462 мың теңге Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету үшін 83 841,0 мың теңгеге ұлғайды
- Оның ішінде:
- Ауылдық округтерге трансферттер 51 171,0 мың теңге Облыстық бюджеттен 20 656,0 мың теңге ұлғайды.
- 8 адамға көтерме жәрдемақы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы – 2 760 мың теңге.
- Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 17 896,0 мың теңге Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 717 443,0 мың теңгеге кеміді Облыстық бюджетке мың теңге -721 135,0 мың теңгеге қайтарылды.
- Кеген ауылында 30 жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы – 545 343 мың теңге қайтарылды.
- ЖСҚ жасатуға Кеген ауылында 35 тұрғын үйлердің құрылысы – 10 991 мың теңге қайтарылды.
- Кеген ауылында 35 жалға берілетін тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілердің құрылысы мен абаттандыру – 6 174 мың теңге қайтарылды.
- Кеген ауылында 30 жалға берілетін тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілердің құрылысы мен абаттандыру – 7 000 мың теңге қайтарылды.
- Кеген ауылына 50 жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инфрақұрылым тарту жұмыстары – 237 643 мың теңге қайтарылды.
- Жылысай, Тасашы, Бөлексаз ауылдарынан әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға ЖСҚ жасатуға — 30 000 мың теңге қайтарылды.
- Қарқара ауылынан тұрғын үймен біріктірілген учаскелкелік пункт құрылысын салуға ЖСҚ жасау — 14 821 мың теңге қайтарылды.
- Жалаңаш ауылынан мәдениет үйінің құрылыс монтаж жұмыстары (Ауыл Ел бесігі) — 92 311 мың теңге қайтарылды Еңбекақыға қосымша қаражат 5 0 8 , 0 мың теңге.
- Шекара қызметкерлеріне арналған 6 үйге және Кеген ауылынан 40 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйге ЖСҚ жасатуға 1 000 мың теңге.
- Шекара қызметкерлеріне арналған 6 үйге және Кеген ауылынан 40 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйге -сыртқы инженерлік желілердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына ЖСҚ жасатуға 1 000 мың теңге.
- Кеген ауылында жастарға қызмет көрсету орталығын салуға 221 148 мың теңге берілді.
- 2 дана жиынтық компьютер 1 500,0 мың теңге
- Іс-сапар шығыны 819,0 мың теңге.
- Мемлекеттік автокөлікті күтіп баптауға 465,0 мың теңге.
- Шекара қызметкерлеріне арналған 6 үйге және Кеген ауылынан 40 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйге мемлекеттік акт алуға 400,0 мың теңге Жер қатынастар бөлімі 8 035,0 мың теңгеге ұлғайды.
- Еңбек ақыға қосымша төлемдеріне (тех қызметкер) 1 045,0 мың теңге.
- Өзге де қызметтер сатып алуға 800,0 мың теңге
- Күрделі шығыс кеңсе жиһаздарын сатып алу 2 000,0 мың теңге.
- Іс-сапар шығынына 1 290,0 мың теңге.
Жер учаскесін аукционға шығаруға керекті қаражат 1 200,0 мың теңге.
- Ауданның 3D картасын жасатуға 1 700,0 мың теңге Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,тұрғын үй инспекциясы бөлімі 182 425 мың теңгеге ұлғайды.
- Еңбек ақыға қосымша 2 маманға 2 535,0 мың теңге
- Банк қызметінің төлемдеріне 200,0 мың теңге.
- Қатты тұрмыстық қалдықтар алаңдарын қоршауға (Ұзынбұлақ ауылына) 9 088,0 мың теңге
- Кеген су құбырына керекті құралдар сатып алу (мотопомпа, генератор, муфта, үтік) 2 500,0 мың теңге
- Көп қабатты 32 пәтерлі тұрғын үйге қазандық сатып алуға 1 500,0 мың теңге.
- Ауылдық округтерге трансферттер 32 150,0 мың теңге Қайтарым қаражаты -228 561 мың теңге.
- Балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңын салу -15 056,0 мың теңге үнемделген қаржы.
- Саты көлі жолдарына орташа жөндеу – 134 005,0 мың теңге техникалық құжаттамаларын қайта есептеуге беруіне байланысты келісім-шарт жасалмаған.
- Бөлексаз ауылының ауыз су жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстары 29 500,0 мың теңге мердігер тараптан сот шешімінің орындалмауына байланысты сот орындаушыға жолданды. Сот шешімі негізінде төленуге жататын қаржы.
- Кеген ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу 20 000,0 мың теңге сметалық құжаттамалары уақытылы жасалмағандықтан, конкурс ойнатылмаған.
- Саты ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізу 30 000,0 мың теңге сметалық құжаттамалары уақытылы жасалмағандықтан, конкурс ойнатылмаған. Облыстық бюджеттен 359 813,0 мың теңгеге ұлғайды
- Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру – 5 000 мың теңге қайтарылды.
- Қайыңды көліне электр линиясын тартуға ЖСҚ дайындауға – 1 357 мың теңге қайтарылды.
- Саты көліне электр линиясын тартуға ЖСҚ дайындауға – 585 мың теңге қайтарылды.
- Хан-тәңірі альпинистік лагеріне электр линиясын тартуға ЖСҚ дайындауға –1 776 мың теңге қайтарылды
- Саты ауылының суына алаңын салуға ЖСҚ жасатуға-6 575 мың теңге қайтарылды.
- Саты ауылына және Көлсай көлдері аумағына автотұрақ салуға ЖСҚ жасатуға – 1 213 мың теңге қайтарылды.
- Кеген ауылына ауыз суына ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 18 954 мың теңге қайтарылды.
- А.Нүсіпбеков ауылының ауыз-су жүйесінің құрылысын салуға 302 000 мың теңге берілді
- Тоғызбұлақ ауылының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу – 59 717 мың теңге қайтарылды.
- Мыңжылқы-Шарқұдық орташа жөндеуден өткізу 88 700 мың теңге берілді .
- Кіші қарқара ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу 34 537 мың теңге берілді.
- Талды ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу 29 753 мың теңге берілді Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 25 400,0 мың теңге ұлғайды.
- Іс-сапар шығынына 1 500,0 мың теңге .
- Мәдениет үйіне сұйық отын сатып алуға 4 100,0 мың теңге.
- Мәдени іс-шараларға мәдениет үйіне қажетті заттарға 5 600,0 мың теңге.
- Спорттық іс-шараға 1 000,0 мың теңге.
- Жыл қортындысын өткізу іс-шараларына 2 000,0 мың теңге Спорттық іс шараларды өткізу орталығы.
- «Алтын тұғыр-2023» спорттық жетістіктерді қортындылау шарасына 5 000,0, мың теңге кітапхана КММ.
- 6 дана комплект компьютер сатып алуға 3 000,0 мың теңге.
Ішкі саясат бөлімі 4 550,0 теңгеге ұлғайды
- Еңбек ақыға қосымша төлемдеріне 1 700,0 мың теңге.
- Іс-сапар шығынына 1 500,0 мың теңге.
- Жыл аяғына дейінгі іс-шаралар 1 350,0 мың теңге.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік аудан бағдарламалары бөлімі 1 934,0 теңгеге кеміді.
- Мұқтаж азаматтарға көмек көрсету (Фотон автокөлігін жөндетуге) 2 000,0 мың теңге.
- Мемлекеттік автокөлікке қысқы дөңгелек сатып алуға және жөндеуге 500,0 мың теңге Облыстық бюджеттен мың теңге – 4 334,0 мың теңгеге кеміді.
- Атаулы әлеуметтік көмек – 3 000 мың теңге қайтарылды.
- Мемлекеттік әлеуметтік көмек – 1 000 мың теңге қайтарылды.
- Банк қызметіне -334 мың теңге қайтарылды Екінші мәселе бойынша шешім қабылданды. Үшінші мәселе бойынша Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 06 қаңтардағы «Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №46-154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасау үшін сөз — аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шәлдибеков Азамат Ғалымұлына берілді.
Төртінші мәселе бойынша Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасау үшін сөз – Кеген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Әлдибеков Ерлан Жақыпбекұлына берілді.
Бесінші мәселе бойыншаШетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаны төлеу мөлшерлемесін бекіту туралы хабарлама жасау үшін сөз – аудандық «Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Өмірзақов Жасұлан Әбдірасілұлына берілді.
Сессия күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдады.
Аудан әкімі Молдахметұлы Нұрбақыт Теңізбаев сесси барысында сөйлеушілерге сұрақтар беріп, алдағы атқарылар жұмыстарға бағыт берді. Кеген аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Мақпал ШАДАН