Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

10 қарашада өткен Талғар аудандық мәслихатының кезектен тыс XIІ сессиясында халық қалаулылары Талғар аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылға арналған аудандық бюджетке өзгертулер енгізу туралы баяндамасын тыңдады.

Талғар аудандық экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше аудандық кірістер көлемі – 2 млрд. 436 млн 318 мың теңгеге азайтылды, оның ішінде: ағымдағы трансферт түсімдері – 353 млн. 26 мың теңге, даму трансферттер – 1 млрд. 274 млн. 6 46 мың теңгеге, аудандық салық түсімдері – 72 млн. 451 мың теңге, облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен – 719 млн. 156 мың теңгеге, мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру бағдарламасындағы (опер қызмет көрсету) – 2 млн. 800 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету – 1 млн. 516 мың теңге, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер (Дипломмен ауылға) – 15 млн. 525 мың теңге, мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақыларға –    2 мың теңге.

Шығыстар жалпы көлемі барлығы — 2 млрд. 436 млн 318 мың теңгені құрады, оның ішінде азайтылған қаражат:

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша, ауылдарында қызметтік тұрғын үймен біріктірілген жергілікті жерлердегі полиция  пункттерінің құрылысынан үнемделген, барлығы – 41 млн. 763 мың теңге (ОБ), оның ішінде: Нұра ауылынан – 14 млн. 702 мың теңге, Қызылқайрат ауылынан – 19 млн. 65 мың теңге, Бесағаш ауылынан – 8 млн. теңге.

«Әлеуметтік көмек  және  әлеуметтік  қамсыздандыру» функционалдық тобына, барлығы – 77  млн 77  мың  теңге, оның ішінде: мемлекеттік атаулы көмек көрсетуден — 65 млн. теңге (ЖБ), Тұрғын үй көмегін көрсетуден – 7 млн. 451 мың теңге (ЖБ), Жәрдемақыларды және басқада әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізуден – 4 млн.  626 мың теңге (ОБ).

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы»  функционалдық  тобы  бойынша – 2 млрд 297 млн. 635 мың теңге, оның ішінде: Тұрғын үй құрылысына – 1 млрд. 820 млн 484 мың теңге, оның ішінде: Талғар қаласында 72 пәтерлі тұрғын үй салуға (ОБ), 1-белгі – 346 млн. 131 мың теңге, 2-белгі – 346 млн. 131 мың теңге, 3-белгі – 667 млн. 66 мың теңге, 4-белгі – 161 млн. 880 мың теңге, 5-белгі – 299 млн. 276 мың теңге,

Сегіз 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына  ЖСҚ әзірлеуден — 30 млн теңге, инфрақұрылымы және абаттандыруына ЖСҚ әзірлеуден – 26 млн. 362 мың теңге (ОБ).

Бес  72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ әзірлеуден — 10 млн. 434 мың теңге,  инфрақұрылымы және абаттандыруына ЖСҚ әзірлеуден –  17 млн.  теңге (ОБ). Тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ әзірлеуден (мұғалімдерге арналған) –     11 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық желісіне  ЖСҚ даярлаудан –  6 млн. теңге (ОБ).

Талғар қаласындағы, Жаңа ықшам ауданына «Инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысын сумен жабдықтауға және кәріз жүйесі» нысанына жобалық сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамандан өткізуден – 772 мың теңге (ОБ).

Бесағаш ауылдық округіндегі «Бесағаш 987» тұрғын үй кешенінің инженерлік — коммуникациялық  желісінің   құрылысының ішкі жылумен жабдықтаудан – 158 млн. 896 мың теңге (ОБ).

Талғар қаласында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға   ЖСҚ аяқтаудан (I, ІІ, ІІІ және IV кезек) – 87 мың теңге (ОБ).

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алудан  (36 үй бір үйдің құны 9 млн. 600 мың теңгеден) – 345 млн. 600 мың теңге (РБ).

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек  көрсету жөніндегі шараларды іске асыруға опер қызмет көрсетуден  – 2 млн. 800 мың теңге,  тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер – 15 млн. 525 мың теңге (ОБ).

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсетуден – 1 млн. 514 мың теңге (ЖБ).

Бөлінген қаражат:

Бесағаш ауылында сумен жабдықтау жүйесін салуға (Оңтүстік бөлігі) – 1 млн. теңге (ОБ).

Талғар топтық су таратқышын реконструкциялау және салу (2-кезең). Талғар топтық су таратқышына 12 елді мекенді қосу», (ІІ іске қосу кешені) Алмалық а., Амангелді а., Байбұлақ а.» жұмыстарын аяқтауға — 109 млн теңге (ОБ).

Талғар қаласы мен елдімекендердің төменде көрсетілген көшелерде орналасқан үйлерге 19 БМК құрылысына, барлығы – 19 млн теңге (ОБ), олар: Талғар қаласының Некрасов көшесі  1а, 5а, Промышленная көшесі,  4,10, Спартак көшесі, №1, Асан Қайғы көшесі, № 8а, Бокин көшесі, №12, Шаяхметов көшесі №32 б, Жандосов көшесі №34,37, Ноғайбаев көшесі №18,  Қарағанды көшесі, №4, Қашқари көшесі №3, 7, 9 Емелев көшесі, Павлов көшесі, №7, 11, 18 Рысқұлов көшесі № 288, Байқал көшесі, №21, Сүйінбай көшесі, №17.

Панфилов ауылдық округіндегі, Панфилов ауылының Момышұлы көшесі №1, 2 А, Бейбітшілік көшесі №1, 3, 8 Марта көшесі №6, 7, 8, 9, 10, 14,  Лермонтов көшесі № 12,14,  Томоровская көшесі №1, 5,  Қарабұлақ ауылының  Абай көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 6.

Кеңдала ауылдық округі, Ақтас ауылындағы №2, 3, 4, 5, 6, 7 үйлер, Смыков көшесі №24, 49, 49 а, 53, 59.

Алатау ауылдық округіндегі, Алтын дән ауылындағы, Құрманғазы көшесі, 9, 10.

Бесағаш ауылдық округіндегі, Бесағаш ауылының, Чехова көшесі №9, 9/1, 9 а.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button