Отбасындағы зорлық пен зомбылық жайлы бірер ой
Отбасы — шағын мемлекет. Отбасының заман талабына сай дамуы, өркендеуіне, жетілуі асқар тау әке мен бал бұлақ анаға тікелей байланысты. Президентіміздің соңғы айтқан отбасындағы зорлық пен зомбылықтың кесірінен қанша отбасы зардап шеккенін, тіпті қайғылы жағдайға тап болып жатқанын ашып айтты. Қазіргі заман басқа, жаһандану дәуірі жылдам жүруде. Отбасы тату болса, барлық адам тату, ел тату болса, мемлекетіміз мықты болмақ. Күнделікті тұрмыстағы ұрыс — керістен қаншама жәудір көз балалар мен қыздарымыз зардап шегуде. Отбасының бірлік, ынтымағы алдымен анаға тікелей байланысты екенін жасырмаймын. Көңілі күпті, көзі жасты бала қайдан сабағын жақсы оқысын? Балалар — біздің болашағымыз. Олардың жарқын өмірі туралы әр ана мен әке ойлануы керек. Отбасындағы қиындықтар туралы аналар кеңесінің тұрақты сырласу клубы жұмыс жасайды. Бұл құпия түрде сақталатын ешқайда жария етпейтін отбасындағы кикілжіңдерді реттеуге септігін тигізетін ұйым құрылса деп ойлаймын. Осындай шаралар қабылдап ел ішіндегі алауыздықтар мен отбасындағы теке тіресті шешуге болады деп ойлаймын. Қазақ елі — бір ауыз сөзге тоқтаған халық. Отбасындағы кикілжіңдердің алдын алуға болатын еді.
Әр аймақта ,саяжайларда аналар, әкелер кеңесінің көзі құлағы болатын топ болу керек. Есепке алып барлап, бақылап отыру жағы да ойландырады. Әке мектебі мен, аналар үлгісінде сусап отырғанымыз жасырын емес. Ойланайық…
Жайлаубаева Г. Б
Жәпек батыр ауылы