Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗнай нашихҚоғамСпорт

ҚОС ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ ДА ҚАРСЫЛАСТАРЫН ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

Алматы шаһарындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында бокстан ірі кездесулер кеші өтті. Негізгі жекпе-жек Іленің оғланы, кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін  Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) пен Жапониялық келген Акихиро Кондоға Жанқош Тұраров (37-12-2, 21 КО) арасында болды. Екі мықты жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold World бойынша әлем чемпионы белбелулерін сарапқа салды. Нәтижесінде 12 раунд бойы жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен 118:110, 120:108, 118:110 есебімен басым болып айқын жеңіске жетті. Шаршы алаңда тағы бір жерлесіміз кәсіпқой бокста әйелдер арасында жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Балауса Мұздиман (2-0) мысырлық Мария Геберді (3-0)  нокаутпен жеңді.  Алты раундтық жекпе-жектің үшінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді. Қарсыласы ауыр нокауттан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Нокаутқа дейін де Балауса Мұздиманнның айқын басымдылығы байқалды. Алғашқы минуттардан кейін-ақ ақшилік қыздың аяқ алысы елді, бокс жанкүйерлерін сүйсіндірді. Балауса «Бұл менің, еліміздің Тәуелсіздігіне арнаған жеңісім! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына Құдайға шүкір», — деді

Балауса осы кездесуге дейін мұхиттың арғы жағында Лас-Вегаста, Американық ең үздік бокс залдарының бірі Top Rank пен Флойд Мейвезердің залында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізгенін айтқан еді. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Сол себепті әуесқой бокста да жоғары нәтижелерге жеткісі келетінін мәлімдеген болатын. Ол: «Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа толық ауысып кеткен жоқпын. Өйткені, ұлттық құрама сапындамын. Десе де, кәсіби бокс кештеріне де қатыса беремін. Бұл мен үшін өте жақсы тәжірибе. Менің салмағымда өнер көрсететін боксшыларда әлі лицензия болмағандықтан, «Париж-2024» Олимпиадасына қатысуға бар күшімді саламын», – деді Балауса. Болашақта Геннадий Головкиннің жаттығу залында дайындалғысы келетінін де айтты. «Отанымыздың атын шығарып жүрген спортшы Геннадий Головкиннің жаттығу залында дайындалу мен үшін үлкен мәртебе болатын еді. Әлемнің ең мықты боксшысы Флойдтың залында жаттыққанда, неге Головкиннің залында жаттықпасқа? Сол себепті алдағы уақытта келіссөздер жүріп, сол лагерге барсақ, мен үшін үлкен қуаныш болады», – дейді боксшы Балауса Мұздиман өткен жылы алғашқы кездесуін өткізіп, жылы қазақстандық спортшы Зухра Исраилованы төрешілердің бірегей шешімімен (0:1) жеңген болатын.

Бағдат ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button