Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАщыбұлақ ауылдық округіБасты ақпарат

АУЫЛҒА КЕЛСЕҢІЗ «ТӘТТІМГЕ» СОҚПАЙ КЕТПЕҢІЗ

Бүгінгі таңда өнеркәсібі өркендеген Іле ауданында жеке кәсіпкерлікке ден қойғандардың қарасы көбейіп келеді. Әсіресе ауылдық жерде тұратын азаматтар наубайхана, шаштараз, тәтті тағамдар пісіретін цех, тігін шеберханасын ашып, кәсіптерін табыс көзіне айналдырып отыр. Солардың бірі – Ащыбұлақ ауылдық округі, Жәпек батыр ауылының  тұрғыны Эльнара Оралбаева Жеңісқызы. «Тәтті болса – Тәттімнен болсын» деген ұстаныммен жартылай дайын өнім және тәтті торттар дайындайтын келіншек бүгінде жергілікті тұрғындарды өз өнімімен қамтамасыз етуде. Кәсіпкер тәуелсіздік мерекесі қарсаңында @Tattim_coffe кондитерлік үйінің екінші ғимаратын ашылу салтанатын ауыл болып тұсауын кесті.

Қазіргі таңда нәзік жандардың үйде отырып-ақ түрлі кондитерлік тағамдар мен тәтті тоқаштар пісіріп, әлеуметтік желі арқылы саудалауы кең үрдіс алып келеді. Сұраныс бар жерде, ұсыныс та болары анық. Міне, осыны зерделей білген Эльнара Жеңісқызы Instagram әлеуметтік желісінде өзінің @Tattim_coffe жеке парақшасын ашып, сол арқылы кондитерлік өнімдері мен атына заты сай тәттім саудасын жүргізуде. Өз ісіңді бастау мен оны ұтымды ұйымдастыра білу оңай шаруа емес, әрине. Үйдің күйбең тіршілігінен шаршамастан жанына жақын істі кәсіпкерлікпен үйлестіре білген келіншектің жеке парақшасына жазылушылардың қатары күн сайын көбейіп, қазіргі күні кәсіптің соқпақ жолына қалыптасып, орныққан.  Әсілі, жетістік пен табысқа жеткізетін жол – еңбексүйгіштік пен табандылық, ізденімпаздық болса керек.

Егер осы бір табыс жолы тек Оралбаевтар отбасындағы отанасы Эльнара ханымның ғана өзі жасады десем үлкен қателік болары анық. Жан жары Берік Оралбаев бастаған достары, көрші қолаң, ағайын туыстары да алғашқы өнімнің дәмін татып, әрқайсысы қарлығаштың қанатындай су сеуіп кеңестерімен, ақ тілектерімен үлестерін қосты. Қызы Мерей Берікқызы да  мектептен кейін қолы қалт етсе ата-анасның қолғанаты болып саудасын жүргізіп отырады. Осылай Оралбаевтар отбасы отбасылық кәсіптің басталып кеткенінде байқамай қалды.  Қолдаушылары ретінде өзімде @Tattim_coffe — нің ең алғашқы тортының дәмін білемін. Сіздерде үй жағдайында жасаған ең алғашқы торттарыңыздың дәмі қандай болды біздің де «Тәттімнің» алғашқы өнімі сондай болды. Уақыт атай бәрін орнына келдірді. Қазіргі өнімнің дәмі тіл үйіреді.

Алғашқы жұысын ғимаратты  жалға алып бастаған болатын. Әлі есімізде кондитерлік өнімін М.Түймебаевпен Жәпек батыр ауылын жалғап жатқан күре жолдың бойында екі ауылды жалғап тұрған алтын көпірдей  @Tattim_coffe ғимараты пайда болды. Ол осылай ауыл арасында танымал бола бастады. Айналдырған аз уақыттың ішінде 57 мың тұрғыны бар округте ең танымал кондитерлік цехқа айналды.

Кейіпкеріміз Эльнара Жеңісқызы үйінде бес қыз болса да, ата-анасы оны ерке-шолжаң қыз етіп өсірмеген. Керісінше ес білген сәтінен үй жұмыстарына баулып, тәтті тамақ әзірлеу, тоқаш пісіріп, қамыр жаюды үйретеді. Жастайынан еңбекке баулыды.  ­Содан болар өте ширақ, пысық болып өсті. Ол кондитер болғанға дейін түрлі мамандықтың басын қайырып та үлгерді. Өзіне ұнамағандықтан ізденуді  тоқтатапады. Нәтижесінде ауылдастарына қамқор, досына адал, елінің бір уығын ұстаған еңбекке төселген кәсіпкер болып қалыптасты. Оның ас мәзіріне қызыққан ­туыстары түрлі тәттілер мен тоқаштар пісіріп беруін сұрай бастайды. Осылайша алғашқы кәсібінің баспалдағы басталады.

– Негізгі мамандығым орыс тілі пәнінің мұғалімі. Алайда жолдасыммен шаңырақ көтергеннен соң, алғашқы жылдары сәби сүйіп, бала тәрбиесімен үйде отырдым, жеке компанияда да жұмыс жасадым, мектепте ұстазда болдым. Адам баласы ізденуін тоқтатапаса екен деймін.  Қазір не көп…адамды дамытуға арналған түрлі тренингтер, кәсіп түрлері әлеуметтік желіде көп қой. Мен осы бір дүниені кеңінен қолдандым. Әлі де болса буткемп, таргетология, инфобизнес сынды қысқа уақытта даму жолдарына арналған сабақтардан қалмай қатысып отырамын. Өзімді шыңдаймын. Достарыма, жақындарыма, таныстарыма, тұтынушыларыма да осы бағытты өсиет етіп отырамын. Әр қазақстандықтың бай болуы жақсы ғой – дейді кәсіпкер.

Ол : — Жолдасыма рақметім шексіз. Мен екінші анам да қарым-қабілетімді аңғарып, үйден шағын кәсібімді дөңгелетуге рұқсатын берді. Осылайша, тәтті тағамдарға қолданыла беретін әмбебап қамырды илеп, белгілі бір формаға келтіріп,  қатырып, ұзақ мерзімде сақталатындай сапада әзірлеп, «Merey studio» деген атаумен өз өнімімді ­инстаграм желісінде жарнамалай бастадым. Алғашқы тұтынушыларым әрине туыстарымыз бен достарымыз болды. Одан соң көрші-қолаң ғана емес ауыл-ауылдардан да сұрап келетін болды. Тапсырыс үстінде  түрлі микс торттар да әзірлеймін, – дейді Эльнара.

Қазақта «талпынған жетер мұратқа» деген әдемі сөз бар. Қандайда бір істі қолға алмас бұрын оның қажеттілігін, өтімділігін зерттеп зерделеген жөн. Сонда шағын кәсіптің өзінен мол табыс табуға болады. Оны бүгінгі кейіпкеріміздің сөз ауанынан аңғарғандай болдық. Себебі бұл күндері дайын өнімдердің өтімділігі жоғары. Статистикаға көз жүгіртсек жұмысбасты әйел аналардың саны да күн санап артып келеді. Яғни жұмыстан шыққан үлкендер үйінде торт жасап үлгермейді ғой, оданда дайын өнімдерді сатып алғанды жөн көреді. Міне, осыны ой елегінен өткізген кейіпкеріміз көп ойланбастан үйде отырып-ақ өз кәсібін өрге домалата бастаған.

– Бүгінгі нарық кез келген кәсіпорыннан заман ағымына сай өнім өндіруді талап етеді. Менде шағын кәсібімді жүргізгенде сапаның сақталуына әрдайым мән беремін. Қазіргі уақытқа дайын тәтті торттары мен қатар басқада өнімдерім сұрнысқа ие болып тұр. Мен оларға табиғи таза өнімдерді қосып, барлығын өз қолыммен әзірлеймін. Жақында көп қабатты той торттарын мәзірге қостым. Шынымен, тұтынушы үшін ең бастысы – тортымның дәмдік қасиеттері мен жоғары сапасы. Бір рет тапсырыс берген адам бұл жерге міндетті түрде екінші рет оралуы тиіс, – дейді жас келіншек.

Аудан тұрғындарына сапалы өнім ұсынып, еңбекқорлығының арқасында көпке үлгі болып отырған бұл жанның жұмысына тұтынушылар да разы. Себебі, тұтынушылар тарапынан тәтті нан өнімдеріне деген сұраныс қашанда жоғары болады. Мұнда таңертең пісірілген өнім түске дейін сатылып кетеді екен. Осылайша, өнімі аз уақыттың ішінде жоғары бағаланып, күн санап сұраныс көлемі де арта түсуде. Қазір кәсіпкер күнделікті әзірленген өнімдерін қайда өткіземін деп бас қатырмайды. Өзінің тұрақты сатып алушылары бар. Себебі кәсіпкер бір өнім шығармас бұрын оның сапасына мән беру – кәсіпкерліктің мызғымас шарты екенін біледі.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы тегін айтылмаған. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен кәсібін дөңгелетіп отырған ана Оралбаева Эльнара Жеңісқызының ісі көпке үлгі.

P.S: Кәсіпкер жақында Алматы облысы бойынша «Даму қоры» жүзеге асыратын «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  орта және шағын бизнесті қолдау бойынша оқып, өзінің ұсынған өнімі арқылы кепілсіз грантты ұтып алды. Енді жаңа ғимаратына тәтті торттарды жасау үшін замануи техникалар алмақшы. Кәсіпкердің тың бастамасына сәттілік тіледік

Бағдат ШОЙБАС, Іле ауданы

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button