Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу күні – бұл
елдің жүріп өткен жолын бағамдау, бірліктің ұлы құндылығын, азаматтық
бейбітшілікке қол жеткізу тәсілі ретінде қазақстандық қоғам ішіндегі
алауыздыққа қарсы тұратын демократия күшін терең түсіну уақыты.
Ата-бабамыздың сан жылдар аңсаған армандарына бүгін біздер қол жеткізіп отырғанымызға шексіз риза болуымыз тиіс. Олай болса, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында барлық күш жігерімізді аямауымыз қажет. Ол үшін
Бірлігіміз бен ынтымағымызды берік ұстап, жас өскелең ұрпақты елін, жерін, Отанын сүйе білетін азамат етіп тәрбиелейік! Бұлмереке ел үшін ерекше маңызға ие, өйткені ол Қазақстанның егемендігі,халқының бостандығы үшін күрес ұлт қайраткерлеріне құрмет болып табылады.
Тәуелсіздік өздігінен нығаймайды. Ол үшін мемлекетіміздің әрбір азаматы жауапты. Қазақстан мемлекетті үшін, еліміздің өркендеуі үшін аянбай еңбек ету керекпіз. Біздің мемлекеттілігіміз тұрақты және қорғалған болса, біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз. Мемлекеттілікке жасалған кез-келген қауіпті әрекет біздің болашағымызға төнген қауіп саналады. Келер ұрпақта аға- әпкелеріміздің қасық қанымен келген Тәуелсіздігімізді қадірлеп, сақтауы үшін үлгі көрсетуіміз керек.