Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратБоралдай кентіҚоғам

Хабарландыру!

«Боралдай кенті әкім аппараты» ММ мекемесі ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Боралдай кентінің «Қоғамдық кеңесі» құрылатыны туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол Московский тұйығы № 2 «А» мекен-жайында орналасқан «Боралдай кенті әкім аппараты» ММ-не әкеліп береді немесе iliboraldai@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді.

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ, Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button