ОКРУГ ШЕКАРАЛАРЫ ШЕГЕНДЕЛДІ
Өткен жылдың соңғы аптасында Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық әкімшілік залында Іле аудандық мәслихатының XVIII кезекті сессиясының мәселелері бойынша бірлескен тұрақты комиссия мәжілісі өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы – Абилова Роза Михаилқызы жүргізді.
Тұрақты комиссия отырысында Іле аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық бөлім басшылары, «Қолдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасының бас сәулетшісі Ілияс Ахметалы, «АТС Град» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаның бас сәулетшісі Сәкен Әбділдин, «Град кешені» ЖШС жобасының бас сәулетшісі Кәрім Рахманов қатысты. Отырыстың қарауындағы күн тәртібінде Іле ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы, Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту, Байсерке, Жәпек батыр, Көкқайнар, КазЦИК, Көктерек, Қосөзен, Тілендиев ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарымен бірлескен бас жоспарын (түзету) бекіту, Іле ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлауы туралы мәселелер қарастырылды. Бірінші және екінші мәселе бойынша «Іле ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімін бекіту туралы сөз аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Бөпетаеваға берілді. Үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы мәселелер бойынша, яғни, Байсерке, Жәпек батыр, Көкқайнар, Қосөзен ауылдарының бас жоспарын бекіту (түзету) туралы «Қолдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасының бас сәулетшісі Ілияс Ахметалы баяндама жасады. Жетінші мәселе бойынша КазЦИК ауылының бас жоспарын түзету, бекіту туралы сөз «АТС Град» ЖШС жобаның бас сәулетшісі Сәкен Әбділдинге берілді. Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданып, сессия қарауына ұсынып, бірауыздан қабылданды. Сегізінші және тоғызыншы мәселелер бойынша, Көктерек және КазЦИК ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы сөз «Град кешені» ЖШС жобасының бас сәулетшісі Кәрім Рахмановқа берілді. Оныншы мәселе бойынша Тілендиев ауылының егжей-тегжейлі жоспарымен бірлескен бас жоспарын (түзету) бекіту туралы сөз Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жанай Қажымұқанұлы Нұрқасымовқа берілді. Он бірінші мәселе бойынша Іле аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы сөз Іле аудандық мәслихат аппаратының заңгер маманы Гульмира Карамановна Тураисоваға беріледі. Осымен тұрақты комиссия мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысын жабық деп жарияланды.
Б. ТОҚАНҰЛЫ