Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғамЭнергетический ауылдық округі

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ

Мектеп – білімнің қара шаңырағы. Замана көшінен қалмай, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамай, алдыңғы лекте болып жаңалыққа ұмтылатын жандар да білім саласында жүрген абзал жанды ұстаздар қауымы емес пе? Осы тұста айта кететін жайт, өмірдің кез келген иірімдеріне орай жаңа өрімдер, тың ойлар соны бағдарламаларға ұласып, көрініс тауып жатады. Бұл – болашақ ұрпақты білімге баулып, жастарға жақсы тәрбие беру мәселесіне де тікелей қатысты. Өйткені, жас өсіп, жеткіншектер есейіп, азамат болған кезде олар қоғамның өзгеруіне, ғылыми-техникалық үдерістің дамуына әсер етеді. Олай болса, қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады.

№7 орта мектепте 2023-2024 оқу жылында 2514 оқушы білім алуда. Оның ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 21 оқушы, аз қамтылған отбасынан шыққан – 139 оқушы, көпбалалы отбасынан шыққан – 299 оқушы, сәтсіз отбасынан шыққан – 3 оқушы, мектепішілік есепте тұрған – 17 оқушы бар. Мектебімізде мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша  2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1 сыныпқа – 4 оқушы, 10 сыныпқа 1 оқушы қағаз түрінде  қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 2023-2024 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша орта мектепті және жалпы мектеп бітіру туралы аттестаттың телнұсқасын алуға өтініш түспеді.

Мектебіміздің мемлекеттік қызмет көрсетудегі басты мақсаты – сапалы білім беру және қызметімізді жауапкершілікпен жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің №64 қаулысы Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға  ЖБББ қорынан тегін тамақтану ұйымдастырылған. 2023-2024 оқу жылының қаңтар айынан 1-4 сынып оқушыларын ЖБББ қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 949 оқушының тізімі бекітілді. 5-11 сынып оқушылары арасынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, аз қамтылған оқушылардан – 266 бала қамтылды. ЖБББ қорынан 1 оқушыға шаққанда тегін ыстық тамақпен қамту бағасы — 500 (бес жүз) теңге. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша, сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті ішіп отырады. Мектеп асханасында мұғалімдер және әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектепішілік бақылау комиссиясы мен мектеп медбикесі С.Д.Сарсембаева тарапынан бақылауға алынған.

Мектеп асханасының жұмыс тәртібі және оқушылардың тамақтану кестесі директормен бекітілген. Жалпыға бірдей білім беру қоры мен жалға алушы тарапынан асханадан тамақтанатын оқушылардың тамақтану кестесі де құрылып, директормен бекітілген. Тамақтануды тексеру комиссиясының жұмыс кестесі жасалған.

Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы жасақталған. Комиссия құрамындағылар айына бір рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына толық тазалық жүргізіліп, дезинфекцияланады. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормаға сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырады. Тыйым салынған өнімдер сатылмайды.

Мектеп оқушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушылар мектеп асханасынан қайнатылған су ішеді. Ай сайын тамақтанатын оқушылардың мониторингі құрылып, жиналыста қаралып отырады.

Осы оқу жылынан бастап «Арман» ықшамауданынан – 34 оқушы; Калинин саяжайларынан – 47 оқушы, «Қарасу» ауылынан – 35 оқушы тегін   тасымалданады. Оқушыларды тасымалдау туралы жұмыс жоспары құрылып, кезекшілік кестесі директормен бекітілген. Кезекші мұғалімдер ауысым бойынша оқушылардың мектепке тасымалдануын және автобустардың уақытылы келіп-кетуін қадағалайды. Сондай-ақ, оқушыларды ай сайын жолдағы, көліктегі өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланады. Автобус жүргізушілері мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайды. Тасымалдау барысында ата-аналар тарапынан арыз-шағымдар болған жоқ.

Келесі өзекті мәселе, яғни, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру ісі бойынша да біраз жұмыс атқарылды. Мектебімізде денсаулығына байланысты 13 оқушы үйден оқиды. ПДТ (ЗПР) бағдарламасымен 2 оқушы, қосалқы білім беру бағдарламасымен 3 оқушы, Жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен 8 оқушы білім алады. Барлық оқушылардың денсаулығына байланысты №5 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектік туралы анықтамалары бар. Үйден оқитын оқушыларға пән мұғалімдері бекітілген сабақ кестелері бойынша сабақ өтеді.

Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде. Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын, жаңашыл білім ошақтарының бірі екендігін көрсетеді.

 

Толегенова Жамила Казакбаевна,

№7 орта мектептің директорының міндетін атқарушы

Басқа жаңалықтар

Back to top button