Көлік министрі М. Қарабаев Қонаевта жиналыс өткізді
Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Облыс тұрғындары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және реконструкциялау, жолдарды күтіп-ұстау және КАЖ-Сервис қызметі бойынша сауалдарын жолдады. Сондай-ақ Алматы маңындағы елді мекенде халық санының өсуіне байланысты тұрғындар «Алматы-Бішкек» тас жолының учаскесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең қаласына дейін кеңейтуді сұрады. Кездесуге «Қазавтожол ҰК» АҚ және «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК филиалдарының өкілдері қатысты. Көлік министрі жүк автотасымалдау саласының өкілдері жүк автомобильдерінің артық салмағын бақылауды күшейтуді және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беру жүйесіндегі әділетсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды.
Азаматтарды қабылдағаннан кейін министр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жұмысымен танысып, «Алматы – Ұзынағаш» жол учаскесіне барды. Бұдан әрі Көлік министрлігінің басшысы Шамалған станциясын айналып өтетін автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты. Сонымен қатар Алматы-Жетіген-Қапшағай су қөоймасы күрежолының (14-60,6) сапасын қайта қарастыруға тапсырма берді.