Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМерекелер

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ – САЛТ-ДӘСТҮР

Қайырымдылық: Асқар Тоқпанов және Байкент ауылдық округі ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Байкент ауылдық кітапханасында Наурызнаманың онкүндігіне орай 15 наурыз – Қайырымдылық күніне «Қайырымдылық жылы жүректен» атты көрініс көрсетіліп, концерттік бағдарлама өткізілді. Шараға Аудандық ақсақалдар  кеңесінің төрағасы Ә. Исаев, ауылдық ақсақалдар, аналар кеңесі мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Жалпы, аудан көлемінде қайырымдылық іс-шараларі өтілді. Көмек көрсетілгендер қатарында ауған соғысы ардагерлері, көпбалалы аналар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Екі жүзге тарта адамдар қайырымдылық шарапатын көрді.

  Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр: Аудандық ардагерлер ұйымы, Байсерке  ауылдық округіндегі №28 мектеп-гимназиясында Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр» атты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Шара барысында қонақтарға дәлізде бауырсақ пен ақ ұсынылып, шашу шашылды. Қазақ халқының қолөнер көрмесі ұсынылды. Мектеп АКТ залында үш қазақ ауылы бейнеленген көрініс көрсетілді. Бірінші ауыл қыздары жүн түтсе, екінші ауыл құда күтіп, құйрық-бауыр жегізді. Үшінші ауылда қыз-келіншектер сақина ойынын ойнап, баланың тұсауы кесілді. Көрініс соңынан мерекелік концерт қойылды. Шараға аудандық ақсақалдар  кеңесінің төрағасы Ә. Исаев, Байсерке ауылдық округінің қоғамдық медиация төрағасы Ю. Магай, ауылдық ақсақалдар, аналар кеңесі мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

Ұлттық спорт —  ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА: Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде садақ атудан «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай, жас жеткіншектер арасындағы аудандық жарысы өткізілді. Шараның мақсаты – Елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы отансүйгіштік сезімдерін ояту, халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту, жалпы халықты спортқа тарту, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту. Аталған жарысқа 5 командадан 70-ке жуық спортшылар қатысты. Сонымен қатар, жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.
Ұлттық спорт күні Ащыбұлақ ауылдық округіндеде ұлттық арқан тарту, кір тасын көтеру, асық ойнау, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді. Оған ауыл тұрғындарымен қоса ауыл қонақтарыда ат салысты.

ШАҢЫРАҚ: Наурызнама онкүндігіне орай «Шаңырақ» күнінде Қарой ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде «Шаңырақ шуағы» атты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Онда шаңыраққа жаңа түскен келінді күтіп алу, құдалардың бір-біріне деген ілтипат, құрметтерін көрсетті. Неке қию рәсімі де өтті. Артынан ақсақалдар мен ауыл адамдары жаңадан іргесі қаланып, шаңырақ көтереген жас отбасыға ақ батасын берді.

Ұлттық киім: 18 наурыз – Ұлттық киімдер күніне «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында Өтеген батыр ауылының Орталық алаңында ұлттық киімдер шеруі өтті. Шеруге №38 мектеп-гимназия,  №24 лицей,  №7 орта мектеп және М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары, колледж студенттері, аудандық кітапхана және Ә. Нұрғожа атындағы халық ансамблі қатысып, концерттік бағдарлама өткізілді. Оған мәдениет саласының қызметкерлері де өз үлесерін қосты. 200- ге жуық ұлттық киім киген ауыл тұрғындары Өтеген батыр ауылындағы орталық арбатта қазақтың ұлттық киімдерін кеңінен насихаттады.

  Жаңару күні: Ақсай және Боралдай ауылдық округтерінің Ақсақалдар, Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігіне орай 19 наурыз – Жаңару күніне «Жаңару – ел ертеңі» атты шара аясында көшеттер егілді. Көктемнің жадыраған шуақты күні таңмен таласып, бір-бірін мерекемен құттықтаған қос ауылдың азаматтары жақсы тілек тілесіп, жадырасумен бірге ағаш егу шарасына куә болды. Ұлыстың ұлы күнінде ізгі тілектерін ақтарысты. Игілікті істе ер-азаматтар ағаш егуге атсалысса, әжелер ақ мол болсын деген ырыммен көшет түбіне ақ құйып, тілеу тіледі.

Көкпар:    Ұлттық спорт күнінде Байсерке ауылында «Ұлыстың Ұлы күні наурыз» мерекесіне орай, ересектер арасында көкпардан ашық турнир өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты –  еліміздің ұлттық спорт түрі көкпар спортын дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарын нығайту, жалпы халықты спортқа тарту, Ұлыстың Ұлы мерекесі наурыз мерекесін кеңінен атап өту.
Аталған додаға 5 команда Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарынан 60-қа жуық көкпарсүйер қауым қатысты.  Сонымен қатар салым салған көкпаршылар диплом, медаль, кубок және қаржылай сый-сияпатқа ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button