AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратКүшіміз Бірлікте!Қазақстан жаңалықтарыҚоғам

СУ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАР ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛУДА

Осы көктемгі су тасқыны бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен, қазақстандықтар әдеттегідей қиын кезеңдерде бірлігін, ынтымақтастығын көрсетіп, бір-бірлеріне қол ұшын созуда. Президенттің тапсырмасына сәйкес және Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 185 баласын сауықтырумен және демалумен қамтамасыз ету жұмысы басталған болатын. «AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Іле аудандық партия филиалының және Күрд этно-мәдени орталығының ықпалымен балаларға қажетті киім-кешек оқуға қажетті құрал-жабдықтар, азық-түліктер апарып арнайы тапсырылды. Алматы облысындағы «Тау Тұран» лагерінде балаларға барлық жағдай жасалған, оқиды, толыққанды демалып, спортпен шұғылданады және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еліміздегі қиын кезеңдердің барлығы бір түс секілді өтіп кетсе екен, артынан шуақты таң атып, ауыр күндердің орнын қуанышты сәттер басса, балапандар аман-есен үйлеріне қайтса екен деген тілегіміз бар.

Су тасқынынан зардап шеккен балалардың жағдайын өз көзімен барып көріп келген Іле ауданы  «AMANAT» партиясы Іле ауданының филиалының бірінші орынбасары А. Сатибаев: «Апат айтып келмейді» демекші, мемлекетімізде орын алған табиғи апат салдарынан зардап шеккен тұрғындарымызға Алла жар болсын! Бүгін Алматыға алып келген 180 баламыздың жағдайы қалыпты. Оларды тәрбиешілер сауықтыру жұмыстарымен айналысып жатыр.  Мемлекет тарапынан және қалың ел арасынан да жанашырлықпен барынша қолдау білдіру шаралары атқарылуда. Іле ауданының халқы да жанашырлық рухпен, жомарттықпен өз көмектерін беріп жатыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бұндай апаттар орын алмаса екен! Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!» – деді.

Б. ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button