Алматы облысында жол төсемдерін жөндеу жұмыстары басталды
Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
1609 шақырымында жөндеу жұмыстар басталды. Жөндеу жұмыстарын Алматы облысындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ бөлімінде жұмыс істейтін «ҚАЖсервис» ЖШС АОФ мердігер компаниясы жүзеге асырады. Реставрациялық жұмыстардан бөлек, жол қозғалысының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарында күнделікті патрульдеу жүргізіледі. Сондай-ақ, патрульдеу кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін жолдардың жай-күйі тұрақты мониторингтік бақыланады. Одан бөлек автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылады.
Жұмыстардың легі келесідей бағыттар бойынша жүзеге асады:
— Жолдың жақсара түсуін қамтамасыз ету және ықтимал апаттардың алдын алу үшін жолды қоқыстан, шаң мен кірден тазалау;
— Жол бойында көліктерге кедергі болуы мүмкін бөгде заттарды алып тастау;
— Көлік қозғалысын жеңілдету әрі жол қауіпсіздігін айтарлықтай жақсарту мақсатында жол белгілерін жақсарту;
— Көктемде қар еру салдарынан болатын су тасқынын болдырмау үшін дренаждық арықтарды тазалау;
— Жазда жаңбыр суымен күресу үшін арықтарды аллювийлік қоқыс пен кірден тазарту;
— Жол жиегіне шығып кету сынды апаттардың алдын алу үшін жол жиектерін жақсарту және нығайту:
— Жолды күтіп ұстау мақсатында жол төсемдерін жөндеу. Бұл аспектіге шұңқырлар мен ойықтарды толтыру, жарықшақтарды жою сынды жұмыстар жасатады.
— Жол белгілерін орнату және ауыстыру;
— Қоршауларды салу және жөндеу.
Айта кетейік, Алматы облысына қарасты респбуликалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 1809 шақырым.