Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМәдениетӨнер

Қонаев қаласына жаңа театр келе жатыр

Абадан. Арлан. Аққұртқа һәм Арыстан. 6 мамыр күні Қонаев қаласында ASSYLTAS театрының «Арена» атты спектаклі сахналанады.

Басты рөлдерде Дулыға Ақмолда, Алмас Шаяхметов, Жанаргүл Жаныаманова, Салтанат Бақаева, Жандарбек Садырбаев сынды танымалактерлар ойнайды.

«Арена» драмасының авторы Бақыт Беделханның айтуынша, спектакльтартысқа толы тағдырлардың, қайшыласқан тірлік пен арпалысқан өмірдің шырмалып жатқан алаңы. Қойылым арқылы шырмалып жатқан шындықтың шынайы келбетін көруге болады.

Бұл өте қысқа мерзімде, яғни, 15 күнде жазылып сахна төріне аттанған шығармашылық дүние. Драма жайлы талдап айтудың қажеті шамалы, көрермен көріп, көкейге түйіп өзіне керегін алар. Жалпы жұрттың жылы қабылдағанын осыған дейінгі қойылымдар барысында да көрдік. Өнер алдықызыл тіл. Жаратылыс саздан, сөзден басталса, тіршілік қыздан басталады. Тау айныса құмболар, жер айныса су болар, су айныса бу болар, тіршіліктің тірегі қызы айныса не болар?! Өлеңсөздің патшасы сөз айныса не болар?! Сол сөзбен сазды айнытпай сахнада сары алтындай қылып көрсету әр азаматтың парызы деп ойлаймын», — дейді ақын, туынды авторы Бақыт Беделхан

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button