Іле ауданында ауыр атлетикадан ашық чемпионат өткізілді
28 сәуір күні Іле ауданы Қараой ауылында ауыр атлетикадан Алматы облысының ашық чемпионаты өткізілді. Жарысқа 8 жастан 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар қатысты. Сайыс ашық сипатта ұйымдастырылғандықтан, жеңісті қанжығасына байлауға облыс аудандарынан бөлек Қарасай ауданы мен Алматы қаласынан сайыскерлер келді.
Әр спорт мектептерінен бас-аяғы 60 спортшы қатысты. Оның үшеуі қыз балалары.
Салмақ дәрежесі бойынша, ұлдар – 15 (27 кг, 87 кг дейін), қыздар – 14 салмақ дәрежесінде (29 кг-нан 72 кг дейін) күш сынасқан.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып күш сынасқандардың қатары аз болмады.
Десек те, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші мықтылар қатарынан көрініп, І-орынды – Іле ауданы, ІІ-орынды – Жігер ауылы, ІІІ-орынды – Есік қаласы иемденді.
Жеңімпаздар арнайы диплом және медальдармен марапатталды.
Аталған сайысты Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы, Алматы облысының ауыр атлетика федерациясы біріге отырып ұйымдастырды.
Айта өту қажет, 12 мамыр күні Талдықорған қаласында аталған жас санаты бойынша жас спортшылар ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына іріктеуден өтеді.
Өз тілшіміз