Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістік- теріміздің түп қазығы – татулық пен бірлігімізде. Елімізде бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ауданымыздағы барлық ауыл тұрғындарының даму тарихы, ша- руашылық, экономикалық-әлеуметтік жағынан өсіп өркендеуі, бір үйдің баласындай татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге. Бұл мерекені тұрғындарымыз отбасын- да отырып қарсы алады. Мерейлі мере- кенің бүгінгідей қиын-қыстау кезеңіне сәй- кес келуіне байланысты азаматтарымыз барынша отбасымен бірге қарсы алуы керек. Кезінде талай рет елдің басына туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретін- де сақтап қалған – ынтымағы мен бірлігі. «Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз то- лымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Шын жүректен баршаңызға бақбереке, ашық ас- пан, отбасыларыңызға амандық, кемел келеше- гімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық тату- лық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!