Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

АНАЛАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

Жуырда «Іле ауданының тұрғындары үшін жұмысқа орналасуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі білім беру орталығы» жобасын іске асыру шеңберінде жоба жетекшісі А. Бекходжаева Әлеуметтік-азаматтық базис «Болашақ» ҚБ ұйымдастыруымен көпбалалы аналар мен мүгедек балаларды күтетін әйелдерге арналған кезекті семинар өткізді.  Бұл жоба «Филипп Моррис Казахстан» ЖШС компаниясының қаржылай қолдауымен.

Осы санаттағы адамдардың негізгі проблемасы –  жұмыспен қамту және отбасының табысын арттыру. Кездесуге келген әйелдердің көпшілігі объективті себептерге байланысты – балаларға, науқас туыстарына күтім жасайтындықтан жұмысқа орналасу, кірістерін көбейту, өз ісімен айналысу мүмкіндігінен айырылған. Көп жағдайда олардың басты кедергі тудырған мәселелері: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қолданыстағы мемлекеттік шараларын да , мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар тарапынан стартап жобаларды қаржылық қолдау мүмкіндігі жайлы білмеулері болып табылады. Жобаның мақсаты —  мемлекет пен мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту бағдарламаларын» ақпараттық қолдау болды. Семинар барысында төмендегідей сұрақтар қаралып, жиынға қатысушылар осы сұрақтар бойынша толық ақпарат алды:

– жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы;

– жұмыспен қамтылмаған мүгедектерді жабдықталған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

– қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру — жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

– жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту – жұмыссыздардың күміс жас, ұрпақтар келісімшарты, бірінші жұмыс орны, Жастар практикасы бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері жайлы ақпарат беру.

Қатысушылар өз ісін ашуға ниет білдірген адамдарға арналған гранттық қаржыландыру бағдарламалары туралы қызығушылық танытқан жоба: «Бастау бизнес». Сондай-ақ бизнес-тренер Гүлмира Бағжаеваның оқыту және гранттық қаржыландыру блогын қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша қызықты бағдарламалардың басталуы туралы: TalpynUp – Қазақстан бизнес-тренерлер қауымдастығы жүзеге асырып жатқан және USAID қаржыландыратын жоба жайлы кеңінен мағұлмат алды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығы қорының ASMAR жобасы, Visa және Halyk банкі қаржыландырған, She’s Next бастамасы аясында, «Zhas Project» жас қазақстандықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар да кездесуде талқыланып, түсіндірілді. Бұл тақырып қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Өйткені, осы жоба арқылы Іле ауданының әртүрлі ауылдық округтеріндегі көпбалалы аналар өздерінің шағын кәсіптерін – аспаздық, шаштараз, тігін шеберханасы және тағы басқа дамыту үшін қажетті мүмкіндіктерін және білімдерін толықтырды. Қатысушылар жоба аясында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Семинарға қатысушы әйелдердің негізгі сұрақтары: қатысу шарттары, онлайн-тренингтен өту мүмкіндігі, цифрлық платформалар мен ресурстардың қолжетімділігі, жобаны қаржыландыру талаптары туралы болды.

Карима ДАУТҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button