«23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер» күніне орай, Іле ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» тақырыбындағы «ӘКІМ КУБОГЫ — 2024» аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
Оған ауданға қарасты, 9 ауылдық округ пен аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің сөзге шебер, ұшқыр ойлы 11 фракция қатысып, бақ сынасты.
Сайысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысының орынбасары — Абикулов Дарын Есетұлы арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілер ойын барысында, сөйлеу мәдениетін, сөз өнері мен тұжырымды ойын дәлелдеп, тақырыпқа сай тартысты, әрі жоғарғы деңгейдегі ойын көрсетті.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы төмендегідей:
І орын — «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
ІІ орын — «Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
ІІІ орын — «Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Үздік фракция» номинациясы — «Боралдай кенті әкімінің аппараты» ММ
«Үздік спикер» номинациясы — Өміралиева Айнара Жомартқызы (Байсерке а/о)