Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғам

БАЛЖАННЫҢ БИІК БАҒАСЫ

Алматы    облысының  «Тіл»  оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, ауылдық округтік филиалдарының оқытушылары арасында авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ
тілін тиімді оқыту әдістемелері бар оқытушыларын ынталандыру, қолдау және марапаттау, республикалық байқауға жолдама беру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті. Оған облыстық орталықтан және аудандық, ауылдық округтік филиалдардан жалпы саны он оқытушы қатысты.

Байқауға қатысушылар үш кезең  бойы бақ сынасты. Бірінші кезеңде оқытушылар дайындаған сабақ үлгісін таныстырып, екінші кезеңде отандық және шетелдік танымал әдіскерлердің  сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған
тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері, пікірлері туралы сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде оқытушылар тіл үйренушілерге сөйлеу әрекетінің  4 түрі бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) 10 минуттық, жағдаяттық сабақ үлгісін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бас  жүлдені Іле аудандық филиалының
оқытушысы Төлегенова Балжан иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Бетті дайындаған

«Іле таңы» редакциясы

Басқа жаңалықтар

Back to top button