Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

Еліміздің Ата Заңында жазылған әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы – ол мемлекеттік тілді – қазақ тілін білу болса, ол үшін мемлекетіміз барлық материалдық та, әдістемелік те, ұйымдастырушылық та, техникалық та жағдайларын жасап отыр. Сондықтан, қазақ тілін өз елінің мемлекеттік тілі ретінде өзінің атқаратын қызметінің көлемінде меңгеру саналы азаматтың рухани дәрежесі болып табылады.

Мемлекеттік және азаматтық қызметшілер барлық мемлекеттік органдардың іс қағаздары мемлекеттік тілге көшуіне байланысты іс қағаздарын бірден қазақ тілінде рәсімдеуді үйренгісі келеді. Ал ресми қазақ тілін пайдалану дегеніміз – бұл қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болатындығын естен шығармау қажет.

Осыған орай, 2024 жылғы 12 маусымында Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Іле аудандық филиалының Мемлекеттік тілді оқыту мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілерінен мемлекеттік тілді А1 (қарапайым), А2 (базалық), В1 (орта) деңгейлерінде меңгерген әскери қызметшілерінен емтихан қабылданып, сертификат табысталды.

Жыл сайын «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Іле аудандық филиалы Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілеріне қызметтік уақыт регламентіне сәйкес, апта сайын сейсенбі күндері сағат 15.00-17.00 — ге аралығында, мемлекеттік тілді А1 (қарапайым), А2 (базалық), В1 (орта) деңгейлерінде Мемлекеттік тілді оқыту сабақтарын және курстарды ұйымдастыруға, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын өткізуге, айта кетсек «Білгенге маржан» айдарын жүргізу, (бұйрықтарды, хаттарды, хаттамаларды дайындау тәртібі, әскери терминдерді үйрету және т.б.) сабақтарын ұйымдастыруда, сонымен қатар жеке құрамды жылына бір рет «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өткізде іс-шаралары ұйымдастырып отырады.

Жалпы тілді меңгеру үшін оған әрбір тіл үйренуші өзінің жүрегін ашу қажеттігін Президентіміз бір сөзінде тілге тиек етіп айтқаны бар еді. Әрине, мақсатты өз елімнің, жерімнің мемлекеттік тілін меңгеремін деп қызығып қойса, онда нәтиже де соған сәйкес көңілге шуақ сепкендей болары хақ.

Д. Мырзагулов

Қызметтік кинология басқармасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button