Алматы облысында 1400-ге жуық шақырым жол тексеріледі
Қазақстандағы жол сапасын жақсарту мақсатында істеліп жатқан жұмыс көп. Күре жолдарды қысқы күтіп ұстаудан кейін көктем шыға «ЖАСҰО» Алматы облыстық филиалының мамандары биыл 1400 шақырымға жуық жолды тексерістен өткізбек. Жалпы диагностикалау жұмыстары 21 жол учаскесінде жүзеге асады. Инженерлер жыл басынан бері 142 рет жолға шығып 137 республикалық, 5 жергілікті маңызы бар жолдарды тексерді. Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 341 керн алынған. Оның 168-і республикалық, 173-і жергілікті маңызы бар жолдардан алынған сынама.
«Бірінші кезекте тапсырыс берушімен ойнатылатын конкурсты ұтып алатын техникалық қадағалаушы ұйымдармен күнделікті бақылау жүргізіледі. Ал ЖАСҰО Автомобиль жолдары комитеті және Қазавтожол ҰК-мен бекітілген республикалық жолдар бойынша кестеге сәйкес жол сапасын бақылау жүзеге асырылады. Оның ішінде құрылыс, қайта жаңғырут, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарында қолданылатын материалдардың сараптамасы және ағымдағы, күтіп-ұстауға қадағалау жасалады» — дейді «ЖАСҰО» Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.
Күре жолдардан алынған кернде барлық талап сақталған, тек жергілікті маңызы бар жолдардан алынған сынамалардың 5-еуінен ақау шықты. Қазіргі таңда 152 керн сынақтан өткізіліп жатыр. Жалпы мердігер мекемелер қолданылатын жол құрылыс материалдарының, әсіресе асфальтбетон шығару кезінде қоспаларын дұрыс таңдамайды. Құрылыс жұмыстарын бастар алдында материалдарды зертханалық тексеруден өткізу және қоспалардың дұрыс таңдалуын бақылау қажет. Айта кетейік, елдегі жолдардың сапасын жақсарта беруді Мемлекет басшысы бірнеше рет тапсырған болатын.