AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

«ҚАРЫЗСЫЗ – ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

– «АMANAT» партиясы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығы» РҚБ бірлескен бастамасы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығы мен құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған тегін оқыту басталғанын  хабарлайды.

– Халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін «Қарызсыз  қоғам» жобасы бойынша оқыту «DOLCE-PHARM» ЖШС – да жалғасуда. Халықтың шамадан тыс несие алуы – өте өткір мәселе болғандықтан, оларды банктің жұмыс жүйесімен таныстыру көзделген.

Аудандағы  экономикалық белсенді халықтың басым бөлігінің 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар. Осыған орай, Байсерке ауылдық округі Ынтымақ ауылында  өтіп жатқан жоба аясындағы оқу курсында тұрғындарға банк несиесін төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда қолданылатын шаралар барысы, несие келісім-шартын өзгерту жолдары түсіндірілуе.

Жоба бойынша қосымша оқыту 22-26 маусым аралығында Ынтымақ ауылында жүргізіледі.

Курс ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының  қаржылық  сауаттылығы бойынша  құзыреттіліктерін  арттыруға  бағытталған   тегін  оқуда  жеке тұлғалар  арасында проблемалық   берешегі  бар адамдардың  қаржылық сауатын  арттыру,  отбасылық бюджетті жоспарлауды үйрету.

– Оқытудың толық курсы жоба шеңберінде 5 жұмыс күнінен аспайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button