Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпарат

АУДАНЫМЫЗДА ТЕГІН КУРС ӨТЕДІ

Цифрлық заманда технологиялар жылдам дамып, біздің өміріміздің барлық салаларына елеулі өзгерістер әкелуде. Цифрлық заман өмірімізді жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктерді ашумен қатар, кейбір қиындықтарды да туырып отырғаны бәрімізге мәлім.

Сондықтан да әр саланың мамандарына заман ағымына сай технологиялармен бірге өмір сүруді және оларды тиімді пайдалануды үйрену маңызды. Қазіргі уақытта көптеген жұмыстар автоматтандырылған. Бұл тиімділікті арттырып, адамның физикалық және уақыт шығынын азайтады.

Технология дамыған заманда Photoshop, графикалық дизайн сияқты құралдарды игеру кәсіби және жеке өмірде үлкен артықшылық береді.  Сондықтан, бұл дағдыларды меңгерудің бүгінгі күнде өзектілі артуда. «Графикалық дизайн мемлекеттік қызметкерлерге не үшін қажет?» деген сауал туандайтыны сөзсіз.

Графикалық дизайн мемлекеттік қызметкерлерге ақпаратты көрнекі түрде жеткізуге мүмкіндік береді; инфографика, диаграммалар, презентациялар және басқа визуалды құралдар күрделі ақпаратты жеңіл әрі түсінікті етеді; қызметтік құжаттарды, есептерді және есептемелерді безендіру олардың кәсіби деңгейін арттырады; жақсы дизайнмен жасалған құжаттар сенімділік пен беделділікті көрсетеді; мемлекеттік органдар қоғаммен тиімді байланыс орнату үшін графикалық дизайнды пайдалана алады.

Жарнамалық материалдар, брошюралар, баннерлер және әлеуметтік желілердегі жазбалар визуалды түрде тартымды болуы керек; мемлекеттік мекемелердің брендингі мен идентификациясы маңызды рөл атқарады.

Логотиптер, ресми бланкілер және басқа элементтер мекеменің танымалдығын арттырады, жақсы дизайн әрқашан тартымды және есте қаларлық болады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстары эстетикалық жағынан да жағымды болуы маңызды.

Осылайша, графикалық дизайн дағдылары мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының сапасын арттырып, ақпаратты тиімдірек жеткізуге және қоғаммен тиімді байланыс орнатуға көмектеседі.

Осы орайда ауданымызда тегін «Графикалық дизайн» курсы ашылуда. Бұл жоба барлығына графикалық дизайн әлеміне көз салуға мүмкіндік береді. Курс дизайн саласында жолын бастағысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік болмақ.

Аталған шара Алматы облысы, Іле ауданының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен тегін өткізілді. Тамыз айЫның басына жоспарланған курсқа бастаушы дизайнерлер, графикалық дизайн саласында өз дағдыларын жетілдіргісі келетін жастар, мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Жоба спикері – жаңашыл идея мен қабілет иесі, дизайн, фотошоп саласында 8 жылдық тәжірибесі бар  Іле аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Бибарыс Досмахамбет. Курс аудандағы мемлекеттік қызметкерлерімізге графикалық дизайн және фото өңдеу саласындағы дағдыларын жетілдіруге, жаңа мүмкіндіктерді игеруге көмектеседі.

Дизайнның қызықты әлеміне шолу жасап, оның негізгі құралдарын игерді. Осы қуатты құрал арқылы өз шығармашылығын білдіре отырып, қызықты дизайн жасауды, сондай-ақ, дизайн процесін жеделдетіп, оны тиімдірек ететін маңызды қызметтер мен лайфхактарды үйренеді. «Графикалық дизайн» курсын бірнеше ағыммен, 4 адамға жекелей оқыту жоспарлануда.

Курс бағдарламасы:

  • Adobe Photoshop қосымшасының негізгі құралдары, функцияларымен жұмыс істеу
  • Веб-дизайн негіздері
  • Типография және түс теориясы
  • Суреттерді өңдеу және түзету әдістері
  • Қабаттармен және маскалармен жұмыс
  • Графикалық элементтерді жасау
  • Дизайн және композиция негіздері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button