Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

14  тамыз  күні Алматы облысы бойынша Іле ауданы Аманат партиясымен бірлесіп ЕМО  филиалы Іле ауданы мансап орталығының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 15 жұмыс беруші мекеме қатысты.
Оның ішінде: «Fruit Art» ЖШС-гі, «Qazaq Glass Company» ЖШС-гі, «Raimbek — Agro» ЖШС-гі, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы», «Тангенс» ЖШС-гі, «Bimbo Qsr Kazakhstan» (Бимбо Кьюэсар Казахстан) ЖШС-гі,  «Медиатекс-Н» ЖШС-гі,  «Galanz Bottlers» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Лиза» ЖК, «Қайсар» ЖК, «Goldservice Logistic» ЖШС-гі және т.б. жұмыс берушілер тарапынан  900-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге  50-ден астам жұмыссыз  азаматтар  қатысты, қатысушыларға «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы»  аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

«Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» өкілі Анастасия Шнайдмиллер: «Біздің облыстық баллар аймақтық ауруханасына нейрохирургия саласына маман керек және медбикелер, санитарлар, балалар онкогемотологы мамандықтарын іздеп жатырмыз. Бізде мамандарға барлық жағдай жасалған. Айлықтары ай сайын уақытнда беріліп тұрады» — деді.

«Медиатекс-Н» кадр бөлімі Сәнім Жалғасова: «Біздің компания бас киім тігумен айналысады. Тігінші, оператор, газел жүргізуші керек. 150-ден астам жұмысшымыз бар. Бізде бос жұмыс орындары тігіншілер үшін сұрансыта. Келіп компания әкімшілігне хабарласса немесе осы Іле аудандық Мансап орталығына келсе болады» деді.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға 10 –  адамға   жолдама берілді,  2 – адам жастар практикасына, 8 –  адам қоғамдық жұмыстарға  және күміс жас жобасына  –  2 адамға жолдама берілді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ай сайын бір рет  Іле ауданы мансап орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button