Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтары

Халықтық штаб: АЭС құрылысы – болашақ ұрпақтың игілігі үшін

Халықтық штаб Әль – Фараби атындағы №46 орта мектептің ұжымымен кездесіп, атом электр станциясының болашақ ұрпақ үшін маңызды рөлі туралы сөз қозғады.

💬 «АЭС жобасы тек қазіргі ұрпақ үшін ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін де маңызды жоба болып табылады,» — деді Халықтық штаб мүшесі Нұрлан Түймелиев.

АЭС-тің қызмет ету мерзімі 60 жылдан 100 жылға дейін жетеді, бұл елдің ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, АЭС салу арқылы Қазақстан жас мамандарды даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға мүмкіндік алады.

Атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар жастарды жоғары білікті мамандар ретінде тәрбиелеуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның ғылым мен технология саласындағы әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жақсартады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button