AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЭС-ТЫ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін халықтық штаб төрағасы Алмасбек Сатибаев ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Кездесуде халық қалаулылары еліміздегі ең маңызды оқиғалардың бірі – Мемлекет басшысының Жолдауын да талқылады. «AMANAT» партиясының Төрағасы әр Жолдау – бұл халықтың қажеттілігі мен сұранысына негізделген нақты іс-қимыл жиынтығы екенін мәлімдеді. Соның бірі – соңғы жылдары халық пен бизнес қатты сезініп отырған энергия тапшылығы мәселесі. Осыған байланысты, АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін шешіп, оның алдағы экономикалық дамуын қамтамасыз етуге тиіс.

💬Алмасбек Сатибаев бүгінде АЭС идеясына қазақстандықтардың басым бөлігі қолдау білдіргені маңызды екенін атап өтті. Сондықтан партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Осы күні Халықтық штаб мүшелері өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесуде. Қазірдің өзінде халық тарапынан бейбіт атом идеясына үлкен қолдау байқалады. «Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Біз барлығымыз бірге жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да бірлесіп, еліміздің прогрессивті дамуына тағы бір батыл қадам жасауымыз керек. 6 қазанда біз батыл шешім қабылдап, АЭС құрылысына дауыс беруіміз керек», – деді ол.

Партия Төрағасы қазір кәсіби мамандардың дәлелді сөздері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерАЭС құрылысына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

#AЭСүшін
#AЭСтaңдaймыз
#ХaлықтықШтaб

Басқа жаңалықтар

Back to top button