АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері «Энергетический» ауылдық округінде М.Мақатаев атындағы №13 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.
Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Сондай-ақ, кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістердің бастамасына түрткі болып отырған, АЭС-тың (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастардың референдумға көзқарасы қандай екендігі баяндалды.
Деректерге сүйенсек, электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Кездесуде М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы, референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
#AЭСүшін
#AЭСтaңдaймыз
#ХaлықтықШтaб