AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН!

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету халықтың өмір сүру кезеңінде үлкен орынға ие. Осыған байланысты, бірқатар шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі – әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.

Қазіргі таңда заман талабына сай ақпараттық жүйелер арасындағы ықпалдастыру жүйесін жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Осының негізінде азаматтар сапалы мемлекеттік қызмет алуға мүдделі, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру маңызды қадамдардың бірі. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністер мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ашықтық, адалдық, әділдік және жауапкершілік принциптері сақталуы тиіс.

2021 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қабылдау тәсілі өзгерді. «E-Otinish» электронды өтініштер жүйесі қоғамдағы орын алған мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде қаралатын азаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе. «Е-Otinish» өтініш барысын қадағалауға және бақылауға және қанағаттанарлықсыз жауап болған жағдайда, мемлекеттік органның жауабына шағымдануға мүмкіндік береді.

Бұл орайда, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Департаменттің негізгі функциялардың бірі болып қала бермек.

Әрбір мемлекеттік қызметті көрсетуші мамандар «Біздің міндет – Халыққа қызмет» деген қағидатты ұстанып, өзін үнемі халық игілі жолында дамытып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуды мақсат етіп, адалдық, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарына берік болса – Еліміздің  болашағы жарқын болары анық!

«Байсерке   ауылдық   округі   әкімінің аппараты»

ММ –нің ішкі саясат бойынша  бас   маманы

Даирбекова Ләйлә Берікқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button