AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АЭС МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Мақсат Сейдалиев, Алмасбек Сатибаев, Нұрлан Түймелиев, Гамзе Гейдаров Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде халықтық штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев «мамандардың айтуынша электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да өлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын» — деді.

💬Ал халықтық штаб мүшесі Нұрлан Түймелиев атом энергетикасының жаһандағы дамуы төңірегінде атап өтті.
«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. қару үшін қандай шаралар қолданылуда? III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Бастапқы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қондырғыларды ұзақ мерзімді пайдалану көптеген елдерде қалыпты жағдайға айналды»,-деді.

Басқосуда ауыл тұрғындары атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер

Басқа жаңалықтар

Back to top button