AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«ДАУЛЕТ БЕКЕТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРЕДІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен «ДАУЛЕТ БЕКЕТ» еңбек ұжымында болып, Қазақстанның энергетикалық секторын трансформациялауға арналған бастамалары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аудандық Халықтық штаб өкілдері Алмасбек Сатибаев, Нұрлан Түймелиев, Бағдат Абижанов, Ерғали Бұлдыбаев бастаған Халықтық штабтың өкілдері еліміздегі электр энергиясы жайлы тереңінен түсіндіріп, атом энергетикасының тиімділігі туралы ғалымдар мен сала мамандарының пікірлерімен бөлісті.

💬 «АЭС салудың бірнеше стратегиялық міндеті бар. Оның ішінде басты себептердің бірі – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Атом электр станциясы импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Халықтық штаб мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Нұрлан Түймелиев.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлеріне АЭС салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның өткізілуі – елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосып отырған үлкен қадам екені айтылды. Сондықтан бұл мәселеде атом энергиясына балама жоқ екенін түсіндіре отырып, ел қуатын арттыруда және оның жарқын болашағын қамтуда азаматтық жауапкершілік танытып, таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырдық.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024

Басқа жаңалықтар

Back to top button