AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданында АЭС салуды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті депутаты Баққожаев Анас Ахатұлы облыстық, аудандық мәслихат депутаттары аудандық штаб мүшелері мен сала мамандарынан құралған Халықтық штаб өкілдерімен бірге Іле Аудандық Орталық Аурухана ұжымымен кездесті.

Ақ халатты абзал жандар қауымымен өткен басқосуда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум көздеген міндеттер талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Баққожаев Анас Ахатұлы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін, басқа мемлекеттерге саяси тәуелділікті арттыруға жол бермейтінін нықтап айтты.
Расымен, Қазақстан халқы санының өсуі, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы электр энергиясын тұтынудың артуына алып келуде. Демек, осы ұлттық басымдықтардың барлығын жүзеге асыру үшін атом энергетикасына деген қажеттілік туындайды. Атом электр станциясының құрылысы нарықтағы электр энергиясының тапшылығын жойып, тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыруға мүмкіндік береді.

Басқосуда АЭС-ке қатысты жан-жақты пікірлер айтылып, медицина сала мамандарыда өз көзқарастарымен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды.

Кездесу соңында штаб мүшелері 6 қазан күні өтетін референдумда Қазақстанның азаматы ретінде таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб

Басқа жаңалықтар

Back to top button