«Сөз Маржан» Collaboration Fest
Біздің ел баяғыдан жықы баққан,
Қымыз ішіп, ат мініп құлдыратқан.
Жан серігі тұлпарын ерттеп мініп,
Бабалар қару алып, жауға шапқан.
Ат – қазақтың қанаты, әрі жаны,
Атқа мінсе қайғыдан арылады.
Тұлпар шауып, бәйгеде жүйрік озып,
Дода көрсе қызады қаны тағы.
Баптаған Тайбурылын, Құлагерін,
Шаңдатқан Алтай, Атырау құба белін.
Қазақ деп аталатын өр халықтың,
Мен боламын атжанды мұрагері.
«Сөз Маржан» Collaboration Fest
ҚҰТҚАРУШЫЛАР – БАТЫРЛАР
Сын сағатта табылатын қасыңнан,
Құтқарушы бар ақылы тасыған.
Қандай қиын кез келсе де жасымай,
Қиындықта жол табатын тосыннан.
Құтқарушы мамандығы тым ауыр,
басқаларға сезіле ме сірә бұл?
Өмірлерін отқа тіккен қорықпай,
Елім деген қайтпас қайсар шығар ұл.
Өз міндетін атқаратын толықтай,
өрт пен судан құтқарады қорықпай.
Құтқарушы мамандығы ең күшті,
тек батырлар қызмет етер торықпай.
«Сөз Маржан» Collaboration Fest
МЕКТЕБІМ – БІЛІМ НҰРДЫҢ ШАҢЫРАҒЫ
2023 жылы білім ордам Іле ауданындағы
іргелі мектептің бірі №7 орта мектептің
50 жылдық мерейтойына арналған өлең
Мектебім, білім алып мен өзіңде,
Өмірдің еркін жүздім кемесінде.
Жүрекке білім нұрын құйып берген,
Ақ ордам елу жастың белесінде.
Біз үшін еңбек етіп, білім берген,
Алтын ұям ілімнің нұрын терген.
Өзіңе жүрегімнен орын беріп,
Көңілдің түпкірінен жырымды өргем.
Мектебім – білім нұрдың шаңырағы,
Бізге әр кез тәлім бердің мағыналы.
Өзіңде өсіп, өніп, қанаттанып,
Өмірлік алтын шамым жағылады.
Сырымды жайып салсам түйіп келген,
Жасай бер, бірге өркендеп сүйікті елмен.
Мың алғыс саған менің алтын ұям,
Әрдайым көріне бер биіктерден.
Диар Ануарбек,
№7 орта мектептің 10 «А» «Жас өрт сөндіруші» әскери-патриоттық сыныбының оқушысы