Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Сөз бостандығы мен жауапкершілік: Қоғамдық келісімнің маңызы

Қазіргі қоғамдағы оқиғалар бізді сөз бостандығы мен қоғамдық жауапкершілік туралы қайта ойлануға мәжбүр етеді. Сөз бостандығы – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Алайда бұл бостандық қоғамның құндылықтарына, ұлттық бірлік пен келісімге зиян келтірмеуі тиіс.

Темірлан Енсебекке қатысты оқиға қоғамда әртүрлі пікірлер туғызды. Кейбіреулер оны батылдық пен шығармашылықтың көрінісі деп бағаласа, енді біреулер бұл әрекеттерді ұлттық келісімді бұзуға ұмтылыс деп қабылдады. Енсебек мырзаның контенті «әзіл» немесе «сатира» ретінде ұсынылса да, оның кейбір бөліктері ұлттық бірлік пен өзара құрметті қолдау орнына, керісінше, бөлінушілікке түрткі болу қаупін туғызды.

Әрбір көпұлтты қоғам үшін ең маңыздысы – этносаралық келісімді сақтау. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Мұндай үйлесімділік тек құрмет пен түсіністік арқылы мүмкін болатынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кез келген пікір, әзіл немесе қоғамдық мәлімдеме осы үйлесімділікке нұқсан келтірмеуі керек.

Журналистер мен қоғам белсенділері халыққа бағыт-бағдар беретін тұлғалар. Олардың жауапкершілігі – қоғамдағы татулықты нығайту және өз ойларын мәдениетті түрде жеткізу. Егер сатира немесе әзіл сынның құралы.

“Іле ауданының Ауған соғысы ардагерлері” ҚБ жетекшісі Б.Бесиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button