Әйелдердің рөлі: цифрландыру дәуіріндегі отбасы мен қоғамды дамыту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан ойлары еліміздің алдында тұрған негізгі міндеттерді нақтылап берді. Бүгінгі цифрландыру дәуірі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа талаптар әкеліп отыр. Еліміздің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі осы үдерістерге уақытында бейімделуімізге байланысты болмақ.
Аналар кеңесінің төрайымы ретінде айтарым, жаңа технологиялар кезеңінде әйелдердің, әсіресе аналардың, қоғамдағы рөлі одан әрі күшейе түседі. Цифрландыруды енгізу арқылы білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттырып, оларды отбасы үшін қолжетімді ету – басты міндет. Сонымен бірге, әйелдердің кәсіби дамуына және еңбек нарығында тең мүмкіндіктерге ие болуына жағдай жасау аса маңызды.
Президенттің Үкімет пен әкімдердің тиімділігі азаматтардың тұрмыс сапасымен өлшенетіні туралы сөзі – нақты және әділетті ұстаным. Әр отбасының әл-ауқатын арттыру үшін жергілікті жерде жұмыс орындарын құру, әлеуметтік қолдауды нығайту және цифрлық технологияларды күнделікті өмірге енгізу қажет.
Әйелдер қауымы ретінде біз тек отбасымызға емес, қоғамға да үлес қосуға дайынбыз. Сондықтан, жаңа технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қоғамның барлық салаларында үйлесімді даму жолына бірге ұмтылайық. Ел болашағы – әр отбасының қолында!
А.Тоқпанов а/о аналар кеңесінің төрайымы Б.Топарқызы