Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

Бұл тек экономиканың ғана емес, әлеуметтік саланың да тұрақты даму

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген мәселелері еліміздің даму бағытына қатысты өте маңызды. Әсіресе, цифрландыру дәуіріне қадам басу, жаңа технологияларды енгізу туралы айтылған ойлар, шындығында, біз үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Өйткені, қазіргі заман талабына сай болу – бұл тек экономиканың ғана емес, әлеуметтік саланың да тұрақты дамуы үшін аса қажетті фактор.

Қоғамдық бірлестік ретінде біз тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағына қатысты маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуымыз керек. Цифрландыруды енгізу арқылы қоғамдық бірлестіктердің жұмысын тиімді басқаруға, тұрғындармен байланысты жақсартуға, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жол ашылады. Қазір әлемде болып жатқан өзгерістерді ескеріп, біз де заманауи тәсілдерге бет бұруымыз қажет.

Жергілікті деңгейде қоғамдық ұйымдардың жұмысына жаңа технологияларды енгізу арқылы көптеген қиындықтарды жеңуге болады. Бұл, әсіресе, халықпен кері байланысты жақсартуға, тұрғындардың сұраныстарына жылдам жауап беру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болса, бізге жоғары нәтижелерге қол жеткізу оңай болады.

«Әлеуметтік-азаматтық базис «Болашақ»» ҚБ жетекшісі А.Бекходжаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button