Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы
Іле аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы ақ жаулықты әжелерімізді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

«АМАNАТ» партиясы Іле аудандық филиалы «Қараой» бастауыш партия ұйымына трансферттік төлемнен қайтарылған 20 пайыз қаржыға «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Іле аудандық филиалы «Қараой» БПҰ – ның ұйымдастыруымен бүгін Іле аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Алмасбек Қожабекұлы, «Қараой» БПҰ – ның төрағасы Оралбек Оралбаевич жасы 96-ға келген ақ жаулықты анамыз Пушпакбаева Насиха әжейдің шаңырағында болып, ақ жаулықты апамыздың хәлін сұрап, сый-сыяпатын табыс етті. 10 баласынан 46 немере, 97 шөбере 2 шөпшек көріп отырған кейуана өзін құттықтап келген партия төрағасына ақ батасын берді.
#AMANAT