AMANATАлматы облысының жаңалықтары

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ «КІТАП-AMANAT» ЖОБАСЫ – ӘР АЗАМАТҚА АМАНАТ БОЛСЫН!

«Кітап-AMANAT» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының қолдауымен «Фирма Бент» ЖШС зауытында «БЕНТ» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында кітап бұрышының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға қатысқан Алматы облыстық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, Ерлан Жұмашұлы Жакупов кітап адам өмірінде айрықша орын алатынын атап өтіп, жаңа жобаның ерекшелігіне тоқталды.

«Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. «AMANAT» партиясы Президенттің осы бастамаларын жүзеге асыру үшін барлық өңірлік филиалда «Кітап-AMANAT» кітап дүкендерін ашады. Ол тек кітап сататын орын ғана емес, сонымен қатар нағыз мәдени-ағарту орталығы болады», – деді Ерлан Жакупов.
Мәселен, «Кітап-AMANAT» дүкендерінде отандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары өтеді және тағы басқа. Жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуді көздейді.
«Соңғы уақытта ғылыми және білім беру мазмұнындағы көп әдебиет қазақ тіліне аударылды. Бұл кітаптардың сапасы да, мазмұны да жақсы. Алайда таралымы аз болған соң, оқырманның бәріне бірдей жете бермейді. «Кітап-AMANAT» жобасы осы олқылықтың орнын толтырады. Осылайша, біз жазушылар мен баспагерлерге қолдау көрсетеміз, отандастарымызды кітап оқуға ынталандырамыз деуге болады», – деп атап өтті Алмасбек Сатибаев.
«Аманат» партиясы ғимарат­тарында қолжетімді бағада саудаланатын кітап дүкендері ашылғандығы куә болса, Президентіміз айтқан «тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхананың ашылуы» да халқымыздың рухани дамуында айтулы қадам болары айқын.
Өйткені адамзат тарихында кітап оқу мәдениеті ешқашан толастаған емес.
Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсат­тар жолында ешкімге есесін жібермейді. Біз осы тұрғыда кітап шығару ісін, оны тарату жолдарын, халық арасында кітап оқу мәдениетін арт­тыру үшін тынбай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл бір жекелеген адамның, белгілі компаниялардың мүддесі ғана емес, мемлекет­тің тұтас бір жұмысына айналу керек. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады. Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген тәмсіл бар, деп атап өтті Дінмұхамед Кузиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button