РеферендумРеферендум2026

Нұрлан Түймелиев: Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамауы керек

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Түймелиев республикалық референдум күні өз азаматтық борышын орындап, дауыс берді, деп хабарлайды 

Депутат Өтеген батыр ауылында орналасқан №24 лицей ғимаратындағы референдум учаскесіне келіп, елдің болашағы үшін маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Нұрлан Лесұлы дауыс беру – әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосатын маңызды үлесі екенін атап өтті.

«Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, белсенділік танытуы керек. Халықтың бірлігі мен белсенділігі – тұрақты дамудың басты кепілі», – деді депутат.

Референдум учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Тұрғындар да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button