Учаскелер маңында көшпелі медицина: тұрғындар тегін тексеруден өтті

Учаскелер маңында көшпелі медицина: тұрғындар тегін тексеруден өтті
Референдум күні бірқатар референдум учаскелерінің маңында «Денсаулық – зор байлық» атты медициналық акция ұйымдастырылды. Іс-шара аясында арнайы жабдықталған көшпелі медициналық автобус қызмет көрсетіп, учаскеге келген азаматтарға алғашқы медициналық тексерулер жүргізілді.

Акция барысында медицина қызметкерлері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, жалпы денсаулық жағдайына байланысты алғашқы тексерулер жасады. Сонымен қатар азаматтарға скринингтік тексерулердің маңыздылығы, аурулардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салты туралы ақпарат берілді.
Көшпелі медициналық автобус арқылы учаскеге келген тұрғындар дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, өз денсаулық жағдайлары жөнінде кеңес алды. Мамандар дұрыс тамақтану, тұрақты медициналық тексеруден өту, физикалық белсенділік пен профилактикалық шаралардың маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мұндай көшпелі медициналық қызмет тұрғындарға алғашқы тексеруден өтіп, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Акцияға келген тұрғындар да дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, қажетті кеңестер алды.
Өтеген батыр ауылының тұрғыны Зинаида Сүйербаева акция туралы өз пікірін білдірді.
– Учаскеге келген кезде медициналық тексеруден өту мүмкіндігі болды. Дәрігерлер қан қысымын өлшеп, жалпы денсаулыққа қатысты кеңес берді, – деді ол.
Көшпелі медициналық автобус референдум учаскелері маңында белгіленген уақыт аралығында тұрғындарға қызмет көрсетті.



