Іле ауданы, Байкент ауылдық округінде «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем» тақырыбында танымдық шара өтті

Референдум күні ұйымдастырылған іс-шара барысында «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем» тақырыбында танымдық саяхат өтті. Қатысушыларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызы туралы кеңінен айтылып, оның қазақ халқы үшін жыл бастауы, күн мен түннің теңелуімен байланысты молшылық пен бірліктің мерекесі екені атап өтілді.
Сондай-ақ Наурызнама аясындағы күндердің маңызы түсіндірілді. Кеше Көрісу күні аталып өтсе, бүгін 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Шара барысында тұрғындар мейірімділік, татулық және жанашырлық сияқты құндылықтардың қоғам үшін маңызды екені айтылып, мұқтаж жандарға көмек көрсету – Наурыз мерекесінің басты мәндерінің бірі екені жеткізілді.
Іс-шараға қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумның да қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, азаматтарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.



