Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыРеферендумРеферендум2026

Байсеркеде ерекше сәт: Байкерлер сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

      Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №360 сайлау учаскесінде ерекше әрі әсерлі көрініс орын алды. №360 референдум учаскесіне 8 байкер арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, дауыс берді, деп хабарлайды.

       Бұл оқиға сайлаудың белсенді әрі қызықты атмосферасын қалыптастырды. Байкерлер тобының қатарында, достарын қолдап келген, әлемді мотоциклмен аралап жүрген танымал саяхатшы Дмитрий Петрухин де болды. Ол өзінің саяхаттары арқылы Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген тұлғалардың бірі.

       Бүгінгі күнге дейін Дмитрий Петрухин әлемнің бес құрлығында болып, мотоциклмен 400 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Ол 15 жылдық саяхат барысында 170 елді аралап үлгерген. Оның сапарлары тек жеке қызығушылық емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстанды халықаралық деңгейде танытуға бағытталған. Байсеркедегі №360 учаскеде байкерлердің келуі сайлаушылар үшін де ерекше әсер қалдырды. Олар азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетіп, белсенді қатысудың үлгісін көрсетті. Бұл оқиға Байсерке ауылындағы сайлау күніне өзгеше реңк беріп, тұрғындардың көңілінде жарқын әсер қалдырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button