РеферендумРеферендум2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Іле ауданы Қараой ауылдық округінің орталық саябағында 15 наурыз күні референдумға орай ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды. Шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысып, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты.

Акция барысында саябақ аумағына 20 көшет отырғызылды. Ақсақалдар жастарға үлгі көрсетіп, табиғатты қорғау мен бірлік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті.
Шараға Қараой ауылында 40 жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан қария Қабылтай ата да қатысты. Ол референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, отбасымен бірге барып дауыс бергенін жеткізді.
«Бүгін ағаш отырғызып, ауылымыздың көркеюіне үлес қостық. Осындай маңызды күні отбасымызбен бірге референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – ел болашағына қатысты маңызды шешім», – деді ауыл тұрғыны Қабылтай ата.

Басқа жаңалықтар

Back to top button