Аудан жаңалықтарыҚоғам

Тазару күні: Наурыздағы жаңару мен тазалықтың мәні

«Наурызнама» онкүндігі аясында 23 наурызда — Тазару күні аталып өтеді. Тіршілік атаулы оянып, жер ана бусанған шақта тазару рәсімінің жүргізілуі тегін емес. Бұл күн — табиғатпен бірге адам баласының да жаңарып, өткеннің ауыртпалығынан арылып, жаңа кезеңге қадам басуын білдіретін маңызды мерекелік белес саналады.

Көктем — жаңарудың, жаңғырудың мезгілі. Қыстың ызғары кетіп, алғашқы көк шыға бастағанда табиғаттың өзі тазарып, жаңаша тыныс алады. Ағаштар бүршік жарып, құстар қайта оралады, айнала тіршілікке толады. Осындай кезеңде Тазару күнінің аталып өтуі — адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті көрсетеді.

Қазақ халқы ежелден табиғатпен етене тіршілік етіп, оған құрметпен қараған. Сондықтан көктемгі тазалық тек тұрмыстық қажеттілік емес, табиғатқа деген жанашырлықтың, жауапкершіліктің көрінісі болып саналған.

Тазару күніне орай ауыл ақсақалдары мен белсенділері  мәдениет үйінің алаңына тал егілді. Бұл шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, ауылдың көркін арттыру, жасыл желекті көбейту және тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру болып табылады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button