Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ 95 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Түймелиев Нұрлан Лесұлының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Өтеген ауылының тұрғыны, ардақты ұстаз, «Ана жүрегі» төсбелгісінің иегері Ахметова Оңласын апамыздың 95 жас мерейтойы атап өтілді.
Ғибратты ғұмыр кешіп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Оңласын апамызға мерейтойында ақжарма тілектер айтылып, ерекше құрмет көрсетілді.Мерейтойды ұйымдастырып, ел-жұрттың басын қосып, ақ жаулықты анаға деген құрметтің жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған Түймелиев Нұрлан Лесұлына алғыс білдіреміз!
Өтеген батыр ауылдық округінің әкімі Омаров Төлеген Ануарбекұлы мерейтой иесі Оңласын апаны 95 жас мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Ақ жаулықты анаға тойдың шашуы шашылып, шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Мерейтойлық шараға Алматы облысы Ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары Әлия Мұратқызы, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысының орынбасары Кәріпжанова Айымжан, қоғам қайраткері, қазақстандық ғалым Аслы Осман, «Ronai» күрд этномәдени бірлестігінің басшысы Гамзе Бадриевич, Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейдалиев Мақсат, Іле ауданының басшысы Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы және ел азаматтары қатысты.
Қонақтар мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын және ұрпақтарының қызығын көріп, елдің ортасында абыроймен жүре беруін тіледі.
Ақ жаулықты анаға – 95 жылдық мерейлі жасы құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button