Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
«Таза Қазақстан» – ортақ іске жұмылдырған игі бастама

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде тазалық жұмыстары, абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.



