Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты құжат. Жаңа Конституцияны талқылау – еліміздің болашағына қатысты маңызды мәселелерді ашық қарап, қоғамның ортақ пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заңның үстемдігі, азаматтардың құқықтарын сақтау, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету – кез келген демократиялық мемлекеттің басты қағидалары. Осы бағыттардың барлығы Конституцияда нақты көрініс табуы маңызды.

Жаңа Конституцияның негізгі мақсаты – адам мен оның құқықтарын басты құндылық ретінде қорғау, әділетті әрі жауапты қоғамның дамуына жағдай жасау. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, заң талаптарын сақтап, өзге адамдардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button