Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Боралдай кенті Жайнақ ықшамауданының тұрғындары назарына!
ХАБАРЛАМА
Іле ауданы Боралдай кенті әкімінің аппараты Жайнақ ықшамауданы тұрғындарының қатысуымен жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілетінін хабарлайды.
Жиынның күн тәртібі:
1. Жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерінің құрамын ротациялау (ауыстыру және жаңа мүшелерді сайлау).
2. Өзекті ағымдағы мәселелерді талқылау.
Жиынның өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 қараша (сейсенбі), сағат 14:00-де.
Өткізілетін орны: Боралдай кенті, №40 орта мектептің акт залы.
Жиынға Жайнақ ықшамауданының кәмелетке толған (18 жастан асқан) және осы аумақта тұрақты тіркелген барлық тұрғындары қатыса алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңізді сұраймыз.
Боралдай кенті әкімінің аппараты



