Мәслихат-2026

РАКИШЕВА АМИНА ГАЛИМЖАНОВНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ІЛЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ №2 БІРМАНДАТТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылдың өркендеуі – халықтың әл-ауқатының көрсеткіші. Әр отбасының тыныштығы, әр баланың жарқын болашағы, әр тұрғынның лайықты өмір сүруі – біздің басты мұратымыз!
Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл – ел сенімін ақтау, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асу және ауылдың дамуына кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелердің шешілуіне табандылықпен ықпал ету.
Ауылдың көркеюі бір күнде жүзеге аспайды. Ол жүйелі жұмысты, ортақ жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты талап етеді. Осы бағытта тұрғындармен бірлесе әрекет етіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауды маңызды міндетім деп білемін.
Менің мақсатым – қызметтің биігін емес, нақты нәтижесін көрсету. Өйткені халық сенімі сөзбен емес, іспен ақталады. Жүкті жұмыла көтерсек, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Боралдай – бұл жай ғана картадағы елді мекен емес. Бұл – балаларымыз өсіп жатқан, ата-аналарымыз тұратын ортақ үйіміз. Кентіміз бен бүкіл Іле ауданы қарқынды өсуде: үш жылда аудан халқы 228,6 мыңнан 246,1 мың адамға дейін көбейді. Сонымен бірге емханаларға, жедел жәрдемге, мектептерге, жолдар мен су құбырына түсетін жүктеме де артып отыр.
Менің басты ұстанымым – депутаттық өкілеттігімді тиімді пайдаланып, бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталуына күш салу.

АУДАН ДИАГНОЗЫ: АУДАН ӨСУДЕ –

 ЖҮКТЕМЕ АРТУДА

Іле ауданында халық санының динамикалы түрде өсуі әлеуметтік және медициналық инфрақұрылымға түсетін жүктеменің күрт артуымен қатар жүріп жатыр:

Аудан халқы 2023 жылғы 228,6 мың адамнан 2026 жылы 246,1 мың адамға дейін көбейді.
Дәгерлік амбулаториялардың саны 2024 жылғы 5 нысаннан 2026 жылы 4-ке дейін қысқарды.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталықтары (АМСК) 2024 жылғы 17 нысаннан 2026 жылы 18-ге дейін небәрі бір объектіге артты.
Мектептердегі орын тапшылығы аса күрделі өсім көрсетті: егер 2023 жылы бұл көрсеткіш 4 560 орынды құраса, 2026 жылға қарай тапшылық шамамен 4,5 еседен астам артып, 21 016 орынға жетті.

Дереккөз: Іле ауданы бойынша анықтама, 2023-2026 ж.ж. статистикалық деректер.
Дәрігер ретінде мен бұл сандардың артында нақты адамдарды көремін: емханалардағы кезектерді, маман мен жедел жәрдемді ұзақ күтуді. Ауыр аурулардың көбін ерте сатысында анықтап, емдеуге болады. Сондықтан медицина мен аурудың алдын алу — менің бағдарламамның өзегі.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

«Сөз емес, нақты іс; жеке мүдде емес, халықтың мүддесі».
Мен депутаттық мандатты мансап немесе билік деп емес, Боралдай тұрғындарының маған артқан сенімі мен жауапкершілігі деп түсінемін. Ортақ мәселелерді тек бірлесе отырып шеше аламыз. Мен халық пен билік арасындағы сенімді көпір болуға дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

«Дені сау кент – жарқын болашақ!»
Құрметті Боралдай кентінің тұрғындары, сайлаушылар!

Мен, Ракишева Амина Галимжановна, көп жылдан бері дәрігер болып еңбек етемін. Күн сайын сіздердің мұң-мұқтаждарыңызды, шешімін күткен мәселелерді көріп жүрмін. Менің мақсатым — тек ауруды емдеу емес, Боралдайдың әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын жақсарту, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Дәрігер ретінде мен бос уәде бермеймін — нақты диагноз қойып, емдеу жолын ұсынамын!
Құрметпен, Амина Ракишева

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. Үйге жақын сапалы әрі қолжетімді медицина
  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек. Боралдай ауылының емханалары мен дәрігерлік амбулаторияларын заманауи құрал-жабдықтармен (УДЗ, ЭКГ, зертхана) қамтамасыз ету. Боралдай ауылының халық санының қарқынды өсуіне байланысты қолданыстағы емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға түсетін жүктеме артып келеді. Қолданыстағы медициналық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ халықтың нақты санын және оның алдағы жылдардағы өсім қарқынын ескере отырып, жаңа заманауи емхана мен стационар салуды қажеттілік етеді.
  • Кадрлар. Ауылға педиатр, терапевт, кардиолог және онколог мамандарын тарту мақсатында мәслихатта әлеуметтік қолдау шараларын (қызметтік тұрғын үй беру, біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу) енгізу мәселесін көтеру. Білікті медицина мамандарының ауылдағы медициналық ұйымдарда ұзақ мерзімді тұрақтап жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау.
  • Жедел жәрдем. Жедел жәрдем бригадаларының шақырту орнына жету уақытын бақылау, жедел жәрдем бригадалары мен санитарлық автокөліктер санын көбейту мәселесін көтеру.
  • Үйдегі патронаж — Созылмалы аурулары бар науқастарға, қарт адамдарға және мүгедектігі бар азаматтарға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету бойынша патронаждық қызмет бағдарламасын кеңейту.
  • Дәрі-дәрмек. Тегін дәрілерді ашық әрі әділ беру, олардың қолжетімділігін бақылау.
    2. Аурулардың алдын алу және ерте анықтау
  • Боралдайда «Денсаулық күндерін» ұйымдастыру, бейінді дәрігерлердің көшпелі қабылдауын қамтамасыз ету, онкологиялық скринингтер жүргізу, ЭКГ түсіру, қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеру қызметтерін тұрғындарға үйіне жақын жерде қолжетімді ету.
  • Онкологияны ерте анықтау. Нысаналы жастағы әрбір тұрғынның скринингтен өтуіне, ал күдіктен диагнозға дейінгі жолдың жылдам болуына қол жеткізу.
  • Денсаулық мектептері — гипертония мен қант диабеті бар науқастарға; инсульт пен инфаркт белгілерін тануға үйрету.
  • Барлығына алғашқы көмек: 2025 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда жол-көлік оқиғалары салдарынан 911 адам зардап шеккен. Жол-көлік оқиғаларының зардаптарын азайту мақсатында жүргізушілерге, педагогтерге және ата-аналарға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тегін курстар ұйымдастыру мәселесін көтеру.
  1. Ана мен бала денсаулығы
  • Жаңа перзентхана. Іле ауданының орталық ауруханасы жанынан жүкті әйелдерді 150 келуге қабылдайтын 125 төсектік босану бөлімінің қосымша ғимараты (10,4 млрд теңге, республикалық бюджет, 2026–2028 жж.) мерзімінде әрі сапалы салынуын бақылау.
  • Ана денсаулығын қорғау: Жүкті әйелдерді қолжетімді медициналық бақылаумен қамтамасыз ету және жаңа туған нәрестелерге патронаждық қызмет көрсету, вакцинацалау.
  • «Ана денсаулығы». Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға жылына екі рет тегін check-up (кардиолог, невролог, терапевт).
  • Ерекше балалар. Боралдайда оңалту кабинеттерін ұйымдастыру; аналарға тегін психологиялық көмек және қолдау клубтары.
  • Көп балалы және жалғызбасты аналар: емханаларда «Ашық есік күндерін» ұйымдастыру.
  1. Салауатты орта: су, экология, спорт, қауіпсіздік
  • Таза су — денсаулық негізі. Барлық тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтылуын және кәріз жүйесінің жұмысын бақылау.
  • Таза ауа: қоқыс шығаруды ретке келтіру, көгалдандыру, жаңа скверлер.
  • Спорт: аулаларда тегін спорттық және воркаут алаңдары. Аудан мақсаты — 2031 жылға қарай тұрғындардың 61,9%-ы спортпен тұрақты айналысуы.
  • Қауіпсіз жолдар: мектептер мен емханалар маңында жарықтандыру, жаяу жүргінші өткелдері және жасанды кедергілер.
  • Мектептер: Боралдайдағы жаңа мектептің (3,49 млрд тг) және №40 орта мектепке 600 орындық қосымша ғимараттың (3,41 млрд тг) құрылысын бақылау; әр мектептегі медициналық кабинеттерді белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

5.Аға буын мен мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық

  • Белсенді ұзақ өмір: қарттарға сауықтыру, емдік дене шынықтыру, цифрлық сауаттылыққа оқыту.
  • Инклюзивті орта: емханаларда пандустар мен қолжетімді кіреберістер, арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуды кеңейту.
  1. Ашықтық және кері байланыс
  • Тұрғындарды ай сайын қабылдау және «Денсаулық сағаты» — медициналық көмек алу жолы бойынша кеңестер.
  • Бюджетті бақылау: Боралдайға орындалған жұмыстар туралы сайлаушылар алдында есеп беру.

Өзгерісті өзімізден бастайық!
Менің дауысым — сіздердің денсаулығыңыз бен жарқын болашағыңыз!

Дауыс беріңіздер!

 

Кандидаттардың үгіт-насихат

материалдары республикалық

бюджеттен қаржыландырылды

РАКИШЕВА АМИНА ГАЛИМЖАНОВНА
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»

Одномандатный территориальный

избирательный округ №2

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

 НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!

Боралдай — не просто точка на карте. Это наш общий дом, где растут наши дети и живут наши родители. Поселок и весь Илийский район быстро растут: за три года население района увеличилось с 228,6 до 246,1 тыс. человек. Вместе с этим растет нагрузка на поликлиники, скорую помощь, школы, дороги и водопровод.
Мой главный принцип — эффективно использовать депутатские полномочия и прилагать все усилия для того, чтобы каждый тенге, выделенный из бюджета, был направлен на улучшение здоровья и благополучия жителей.

ДИАГНОЗ РАЙОНА: РАЙОН РАСТЕТ –

 НАГРУЗКА РАСТЕТ

В Илийском районе наблюдается динамичный рост населения при резком увеличении нагрузки на социальную и медицинскую инфраструктуру:

Население района увеличилось с 228,6 тыс. человек в 2023 году до 246,1 тыс. человек в 2026 году (рост составил 17,5 тыс. человек).

Количество врачебных амбулаторий сократилось с 5 объектов в 2024 году до 4 в 2026 году.
Центры первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) показали небольшой рост – с 17 объектов в 2024 году до 18 в 2026 году.

Дефицит ученических мест в школах продемонстрировал критический рост: если в 2023 году нехватка составляла 4 560 мест, то к 2026 году дефицит вырос более чем в 4,5 раза и достиг 21 016 мест.

Источник: справка по Илийскому району, статистические данные 2023-2026 г.г.
Как врач, я вижу за этими цифрами конкретных людей: очереди в поликлиниках, долгое ожидание специалистов и скорой. Большинство тяжелых болезней можно выявить на ранней стадии и вылечить. Поэтому медицина и профилактика — в центре моей программы.

МОИ ПРИНЦИПЫ

«Не слова, а дела; не личный интерес, а интересы людей».
Депутатский мандат для меня — не карьера и не власть, а доверие и ответственность перед жителями Боралдая. Решить общие проблемы можно только вместе. Я готова быть надежным мостом между людьми и властью.
Приходите на выборы! Голосуйте за меня!

«Здоровый поселок — светлое будущее!»
Уважаемые жители поселка Боралдай, дорогие избиратели!

Я, Ракишева Амина Галимжановна, много лет работаю врачом. Каждый день я вижу ваши заботы и проблемы, которые давно ждут решения. Моя цель — не только лечить болезни, но и повышать качество жизни каждого жителя Боралдая, создавать комфортную и безопасную среду.
Как врач, я не раздаю обещаний — я ставлю точный диагноз и предлагаю план лечения!
С уважением, Амина Ракишева

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. Качественная и доступная медицина рядом с домом
  • Первичное звено. Добиваться оснащения поликлиник и врачебных амбулаторий Боралдая современным оборудованием (УЗИ, ЭКГ, лаборатория). В связи с активным ростом численности населения села Боралдай увеличивается нагрузка на действующие поликлиники и врачебные амбулатории. Существующая медицинская инфраструктура нуждается в расширении и модернизации строительство новой современной поликлиники и стационара учётом фактической численности населения и перспектив его роста.
  • Кадры. Инициировать в маслихате меры соцподдержки (предоставление служебного жилья, выплата единовременных подъёмных пособий) для привлечения педиатров, терапевтов, кардиологов и онкологов. Создать условия для долгосрочного закрепления квалифицированных специалистов в медицинских организациях села.
  • Скорая помощь. Контролировать время доезда, добиваться увеличения числа бригад и машин с учетом новых микрорайонов.
  • Патронаж на дому. Расширения программы патронажного обслуживания для хронических больных, пожилых людей и людей с инвалидностью.
  • Лекарства. Прозрачная и справедливая выдача бесплатных лекарств, контроль их наличия.
  1. Профилактика и раннее выявление болезней
  • «Дни здоровья» в Боралдае с выездом узких специалистов: онкоскрининги, ЭКГ, контроль давления, сахара и холестерина — рядом с домом.
  • Ранняя онкодиагностика. Добиваться, чтобы каждый житель целевого возраста прошел скрининг, а путь от подозрения до диагноза был быстрым.
  • Школы здоровья для пациентов с гипертонией и диабетом; обучение распознаванию инсульта и инфаркта.
  • Первая помощь для всех: Согласно статистики 2025 году в районе в последствии ДТП ранено 911 человек, в связи с этим инициировать бесплатные курсы по оказанию первичной медицинской помощи для водителей, педагогов и родителей.
  1. Здоровье матери и ребенка
  • Новый роддом. Контролировать строительство пристройки родильного отделения на 125 коек с приемом беременных на 150 посещений при ЦРБ Илийского района (10,4 млрд тенге, республиканский бюджет, 2026–2028 гг.), чтобы объект сдали в срок и качественно.
  • Здоровое материнство: доступное наблюдение беременных, патронаж новорожденных, вакцинация.
  • «Здоровье мамы». Дважды в год бесплатный check-up (кардиолог, невролог, терапевт) для мам, воспитывающих особенных детей.
  • Особенные дети. Организовать реабилитационные кабинеты в Боралдае; бесплатная психологическая помощь и клубы поддержки для мам.
  • Многодетные и одинокие мамы: Организовать день открытых дверей в поликлиниках.
  1. Здоровая среда: вода, экология, спорт, безопасность
  • Чистая вода — основа здоровья. Контроль за обеспечением всех жителей качественной питьевой водой и порядком в канализации.
  • Чистый воздух: порядок в вывозе мусора, озеленение, новые скверы.
  • Спорт: бесплатные дворовые и воркаут-площадки. Цель района — 61,9% жителей, регулярно занимающихся спортом, к 2031 г.
  • Безопасные дороги: освещение, пешеходные переходы и «лежачие полицейские» у школ и поликлиник.
  • Школы: контроль строительства новой школы в Боралдае (3,49 млрд тг) и пристройки на 600 мест к СШ №40 (3,41 млрд тг); оснащённым в соответствии с установленными требованиями и стандартами медкабинетов в каждой школе.
  1. Забота о старшем поколении и людях с инвалидностью
  • Активное долголетие: оздоровление, ЛФК, обучение цифровой грамотности для пожилых.
  • Инклюзивная среда: пандусы и доступные входы в поликлиники, расширение охвата специальными социальными услугами.
  1. Открытость и обратная связь
  • Ежемесячный прием жителей и «Час здоровья» — консультации по маршруту пациента и получению медпомощи.
  • Контроль бюджета: отчет перед избирателями о проведенных работах, выделенном Боралдаю.
    Перемены начинаются с нас!

Мой голос — это ваше здоровье и светлое будущее!
Голосуйте!

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button