Мәслихат-2026

ИЖАНОВА ГҮЛЗИРА БОЛАТҚЫЗЫ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Боралдай кентінде тұрып, еңбек етіп келе жатқаныма 25 жыл толды. Осы өңірде тұрып, мектеп директоры қызметін атқара жүріп, балаларымыздың болашағын көріп, тұрғындардың мұқтажын күнделікті тіршіліктен жақсы біліп келемін. VIII шақырылымдағы депутаттық тәжірибем маған жүйелі жұмыс пен нақты істің маңызын ұғындырды.
Кентіміздің дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Мен Іле аудандық мәслихатына атақ немесе мәртебе үшін емес, VIII шақырылымда басталған, бірақ аяқсыз қалған маңызды істерді соңына дейін жеткізіп, нақты нәтиже шығару үшін «Әділет» партиясының атынан өз кандидатурамды ұсынып отырмын!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Міндеттемелерімнің негізінде нақты істер мен мерзімдер жатыр. Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Ижанова Гүлзира Болатқызы, Боралдай кентінің тұрғынымын. Мамандығым – мұғалім. Менің бүкіл еңбек жолым мен кәсіби қызметім ұйымдастыру мәселелерімен және тұрғындардың өтініштерімен тығыз байланысты болды.
Боралдай кентінде 20 жылға жуық мектеп басшысы қызметімде мыңдаған баланың болашағын қалыптастырып, ата-аналармен, әріптестермен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істедім.
Мектеп басқарудағы және VIII шақырылымның депутаты ретіндегі кәсіби қызметім барысында инфрақұрылымды күтіп ұстау, білім ошақтарының қауіпсіздігі мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен тікелей айналыстым. Осы үлкен тәжірибе маған нақты шешімдер қабылдау мен халық алдында ашық есеп берудің зор маңызын ұғындырды.
Кенттің дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің басты мәні осында.
Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.
Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында есеп беремін.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер!
Құрметпен, Гүлзира Болатқызы

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

Ішкі көшелерді ретке келтіру: Боралдай кентінің ішкі көшелеріне асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу және көлік қатынасын жақсарту.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайын 95%-ға жеткізуге жәрдемдесу.
2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Су желілеріне бақылау жүргізіп, «Отыншиев» ЖК су құбырларын күрделі жөндеуден өткізуге міндеттеу немесе желілерді ауданның коммуналдық меншігіне өткізу.
Водник-3 шағын ауданында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтауды және халыққа сапалы, үздіксіз су беру жұмыстарын бақылауға алу.
Кентте жаңадан салынатын трансформаторлық станциялардың құрылысын қадағалау және №35, №36 қосалқы электр станцияларын (КТП) күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын бақылауға алу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Отбасылық кәсіпкерлікті (қызмет көрсету саласы, шағын цехтар, қолөнер және т.б.) дамыту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несиелер алу тетіктерін жеңілдету және халыққа қолжетімді ету.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ветеринариялық инфрақұрылымды жүзеге асыруды қолдау, жаңа ветеринариялық станцияның салынуына және оның құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуына белсенді атсалысу.
5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Боралдай индустриалды аймағына ірі және орта кәсіпорындарды тартып, жаңадан салынатын зауыттар есебінен жергілікті тұрғындар үшін тұрақты, жоғары жалақылы жұмыс орындарын ашуды қолдау.
Мансап орталығы арқылы ауыл тұрғындарын тегін кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттардың қолжетімді болуына жәрдемдесу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Боралдай кентінің аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, заманауи үлгідегі 100–150 орындық жаңа стационар салу және Жайнақ ауылында дәрігерлік амбулатория ашу жұмыстарын бақылауға алу.
Медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем автопаркін толық жаңартуға қол жеткізу.
7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Боралдай кентінде жаңа мектеп құрылысына және №40 орта мектепке 600 орындық жаңа қосымша ғимарат салуға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мерзімінде игерілуін қадағалау.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ

 ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Кенттегі ерекше қажеттіліктері бар жандар мен балаларды арнаулы әлеуметтік қызметтермен толық қамту.
Барлық әлеуметтік және мемлекеттік мекемелерде, мектептерде «кедергісіз орта» (сапалы пандустар мен тактильді жолақтар) орнатылуын қатаң бақылауға алу.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылуына ықпал жасау.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Кент пен оның шағын аудандарында (соның ішінде Водник-3) ұялы байланыс операторларының антенна-мачталық құрылыстарын көбейту, интернет жылдамдығын (4G/5G) арттыру және шалғай көшелерге оптикалық-талшықты желілерді тарту жұмыстарын қолдау.
«Алатау Хаб» жобасы аясында 10 мыңнан астам тұрғынды және мектеп оқушыларын жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуге, цифрлық дағдылар мен заманауи IT-мамандықтарға оқыту курстарын ұйымдастыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН

АУЫЛДАР

Боралдай кентіндегі теміржол үстінен қауіпсіз жаяу жүргіншілер көпірін немесе арнайы өткел салуға бюджеттен қаражат бөлгізу және құрылысты бастау.
«Черемушки» ықшам ауданы мен Ломоносов көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жобасының іске асырылуына атсалысу.
«Халықтық қатысу бюджеті» аясында аулаларды абаттандыру, қаңғыбас иттерді жүйелі түрде аулау және чиптеу мәселесін шешу.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен

Қаржыландырылды

ИЖАНОВА ГУЛЬЗИРА БОЛАТКЫЗЫ
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»

Одномандатный территориальный

избирательный округ №4

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА НА 2026–2031 ГОДЫ
ДОРОГИЕ ЗЕМЛЯКИ
!

Вот уже 25 лет я живу и работаю в поселке Боралдай. За годы работы директором школы я не только принимала непосредственное участие в воспитании и образовании наших детей, но и хорошо узнала повседневные заботы, потребности и проблемы местных жителей. Опыт депутатской деятельности в VIII созыве позволил мне осознать важность системной работы и конкретных дел.

Развитие нашего поселка начинается с решения вопросов, которые ежедневно волнуют его жителей. Я выдвигаю свою кандидатуру в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ» не ради звания или статуса, а для того, чтобы довести до конца важные дела, начатые в период VIII созыва, но пока не получившие завершения, и добиться конкретных результатов!

МОИ ПРИНЦИПЫ

В основе моих обязательств лежат конкретные дела и сроки их выполнения. Для меня главным показателем депутатской работы являются реальные положительные изменения в жизни людей.

Приходите на выборы! Отдайте свой голос за меня!

УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Я, Ижанова Гульзира Болаткызы, являюсь жительницей поселка Боралдай. По профессии я педагог. Вся моя трудовая деятельность неразрывно связана с решением организационных вопросов и обращениями граждан.

На протяжении почти 20 лет я возглавляла школу в поселке Боралдай, принимала участие в воспитании и образовании тысяч детей, тесно взаимодействовала с родителями, коллегами и государственными органами.

В ходе профессиональной деятельности в качестве руководителя школы и депутата VIII созыва я непосредственно занималась вопросами содержания инфраструктуры, обеспечения безопасности образовательных учреждений и взаимодействия с государственными органами. Накопленный опыт убедил меня в исключительной важности принятия конкретных решений и открытой отчетности перед населением.

Развитие поселка начинается с решения проблем, которые ежедневно волнуют его жителей. Это состояние дорог, качество питьевой воды, доступность медицинских и образовательных услуг, наличие рабочих мест и будущее наших детей. Именно в этом я вижу истинный смысл справедливости и ответственности перед народом.

Моя предвыборная программа основана на ценностях и программных приоритетах партии «ӘДІЛЕТ». Наряду с решением накопившихся проблем особое внимание уделяется развитию сельского предпринимательства, поддержке людей труда, созданию возможностей для молодежи и сохранению родного края.

В основе моих обязательств лежат конкретные задачи, объекты и сроки реализации. Я намерена добиваться их включения в планы развития и районный бюджет, контролировать исполнение принятых решений и регулярно отчитываться перед жителями.

Для меня главный результат депутатской деятельности – реальные положительные изменения в жизни людей!

С уважением, Гульзира Болаткызы

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ

Приведение в порядок внутрипоселковых улиц: асфальтирование дорог в поселке Боралдай, строительство пешеходных дорожек и улучшение транспортного сообщения.

Содействие доведению доли автомобильных дорог областного и районного значения, соответствующих нормативным требованиям, до 95%.

  1. ВОДО- И ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ,

КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА

Осуществление контроля за состоянием водопроводных сетей, принятие мер по обеспечению проведения капитального ремонта водопроводных сетей ИП «Отыншиев» либо их передачи в коммунальную собственность района.

Контроль за завершением строительства водопроводных сетей в микрорайоне Водник-3 и обеспечением населения качественным и бесперебойным водоснабжением.

Контроль за строительством новых трансформаторных подстанций в поселке, а также за проведением капитального ремонта комплектных трансформаторных подстанций (КТП) № 35 и № 36.

  1. ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

Упрощение механизмов получения льготных микрокредитов под 2,5% годовых в рамках программы «Ауыл аманаты» и повышение их доступности для населения в целях развития семейного предпринимательства, включая сферу услуг, небольшие производственные цеха, ремесленничество и другие направления.

  1. ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

Содействие развитию ветеринарной инфраструктуры, активное участие в решении вопросов строительства новой ветеринарной станции и обеспечении своевременного завершения строительных работ.

  1. НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ НАСЕЛЕНИЯ

Содействие привлечению крупных и средних предприятий в индустриальную зону Боралдая, а также созданию стабильных, высокооплачиваемых рабочих мест для местных жителей за счет строительства новых заводов.

Содействие организации бесплатного профессионального обучения жителей через Центр карьеры и обеспечению доступности государственных грантов для молодых предпринимателей.

  1. ДОСТУПНАЯ И

 КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА

Контроль за проведением капитального ремонта здания больницы поселка Боралдай, строительством нового современного стационара на 100–150 коек, а также открытием врачебной амбулатории в селе Жайнак.

Принятие мер по обеспечению полного обновления медицинского оборудования и автопарка скорой медицинской помощи.

  1. СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ

Контроль за своевременным освоением средств, выделенных из республиканского бюджета на строительство новой школы в поселке Боралдай, а также дополнительного учебного корпуса на 600 мест для средней школы № 40.

  1. СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И

ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ

Обеспечение полного охвата жителей и детей с особыми потребностями специальными социальными услугами.

Строгий контроль за созданием безбарьерной среды во всех социальных и государственных учреждениях, а также школах, включая установку качественных пандусов и тактильных указателей.

Содействие открытию Центра активного долголетия.

  1. КАЧЕСТВЕННАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ

Содействие увеличению количества антенно-мачтовых сооружений операторов мобильной связи в поселке и его микрорайонах, в том числе в Водник-3, повышению скорости мобильного интернета (4G/5G), а также прокладке волоконно-оптических линий связи на отдаленных улицах.

Поддержка организации обучающих курсов в рамках проекта «Алатау Хаб» для более 10 тысяч жителей и школьников по освоению инструментов искусственного интеллекта, цифровых навыков и современных IT-профессий.

  1. ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ

НАСЕЛЕННЫЕ ПУНКТЫ

Содействие выделению бюджетных средств и началу строительства безопасного пешеходного моста через железнодорожные пути в поселке Боралдай либо обустройству специального пешеходного перехода.

Активное содействие реализации проекта благоустройства дворов многоквартирных жилых домов в микрорайоне «Черемушки» и на улице Ломоносова.

Решение вопросов благоустройства дворовых территорий в рамках программы «Бюджет народного участия», а также организации систематического отлова и чипирования безнадзорных собак.

Ваше мнение — главный ориентир в моей работе!

Каждое мое решение — во благо родного края!

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button